БҰҰ-ның №9 Тұрақты даму мақсатын – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» – іске асыру аясында бірінші курс студенттеріне арналған «ЖИ цифрлық шығармашылықта: ойындар, бейнелер және веб-сайттар жасау» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Іс-шараның спикері — сандық шешімдер саласының сарапшысы әрі практигі, IT-әзірлеуші және бірқатар табысты технологиялық пен веб-жобалардың авторы Максим Андреевич Колесников болды. Веб-әзірлеу, сандық өнімдерді жасау және жасанды интелектті енгізу саласында мол тәжірибеге ие Максим Андреевич индустрияның басты трендтерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Ол өзінің жүзеге асырған стартаптары мен платформалары (WEBMAX, ZERNE, DezMir, AI School және «ALMATY AFTER HOURS» авторлық ойыны) мысалында идеядан бастап ең заманауи құралдардың көмегімен процестерді автоматтандыруға дейінгі инновациялық өнімдерді жасаудың толық циклін көрсетті.
Дәріс барысында студенттер жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктерімен және оның цифрлық шығармашылықтың әртүрлі бағыттарында қолданылуымен танысты. Спикер жасанды интеллект, машиналық оқыту және нейрондық желілердің негізгі ұғымдарын түсіндіріп, қазіргі ЖИ жүйелерінің негізін деректер, математика және бағдарламалық код құрайтынын көрсетті.
Ерекше назар генеративті жасанды интеллектпен жұмыс істеуге және тиімді промпт құрастыруға аударылды. Студенттер тапсырма, контекст, мысал, рөл, формат және стиль сияқты негізгі элементтерді қамтитын сұраныс құрылымын қарастырды.
Практикалық бөлімде ЖИ көмегімен мәтіндер, суреттер, дыбыс, бейне, бағдарламалық код және басқа да цифрлық материалдарды жасау мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ ойындар әзірлеу, анимация және бейнематериалдар жасау, веб-сайт әзірлеу және жұмыс процестерін автоматтандыру бағыттары қарастырылды.
Дәріс аясында Максим Андреевич өзінің «ALMATY AFTER HOURS» авторлық ойынын, сондай-ақ WEBMAX, ZERNE, DezMir және AI School жобаларын мысал ретінде таныстырды. Сонымен қатар Make және n8n платформалары арқылы автоматтандыру мүмкіндіктері көрсетілді.
Дәріс заманауи цифрлық технологияларды практикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге және студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталды. Іс-шара БҰҰ-ның №9 Тұрақты даму мақсатына сәйкес инновациялық технологияларды меңгеруге және жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеуге қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Автор: Өмірбекова З. М.


