Select Page

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Исмагулова Жұлдыз Сауелхановна «Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару» пәні аясында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына кафедраның жас оқытушыры қатысты.

Сабақ барысында заманауи IT-жобаларды басқарудың негізгі тәсілдері қарастырылып, командалық жұмыс, көшбасшылық, time management және team building сияқты маңызды soft skills дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруда қолданылатын цифрлық құралдар мен платформалардың мүмкіндіктері көрсетілді, атап айтқанда, Jira платформасының көмегімен жобаларды жоспарлау, тапсырмаларды бөлу, жобаның орындалу барысын бақылау және жұмыс нәтижелерін талдау процестері көрсетілді, әрі қарай білім алушылар өздерінің кейстік жобаларын талқылап, нақты жобалық ортада жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік сабағы жас оқытушылар үшін кәсіби тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру технологияларын меңгеруге үлкен мүмкіндік болды. Мұндай шеберлік сабақтары жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттырып, оқу процесіне инновациялық әдістерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Skip to content
Приемная комиссия