2026 жылғы 10 ақпанда ПДМ-22-1к тобында «Жол құрылысын кешенді механикаландыру, автоматтандыру және механикалық жарақтандыру» пәні бойынша «Елеуіштің елегінің қажетті ауданын анықтау» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақты оқытушы Козбагаров Рустем Ашимович жүргізді. Сабақ барысында білім алушылар материалдарды електеу тиімділігіне әсер ететін негізгі параметрлерді есептеу әдістерін меңгерді. Әсіресе, өнімділікке, материалдың түйіршік құрамына және жұмыс жағдайларына байланысты електің оңтайлы ауданын анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл тақырып Тұрақты даму мақсаттарының 12-ші мақсаты — «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағытымен тығыз байланысты. Құрылыс процесінде жабдықтарды тиімді таңдау ресурстарды үнемдеуге, қалдықтарды азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Білім алушылар жол құрылысы саласындағы инженерлік шешімдердің қоршаған ортаға әсерін азайтудағы рөлін талқылады. Сабақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін және экологиялық жауапкершілігін дамытуға ықпал етті.


