2025 жылғы 29 қазан күні М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде жұқпалы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу тақырыбында студенттерге арналған іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар — Инклюзивті білім беру және психикалық денсаулық кеңсесінің басшысы Д.Р. Шабденова, Алматы қалалық клиникалық №7 емханасының жастар денсаулығы орталығы AQ JOL басшысы Ж.С. Жетибаева және Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектері — еріктілер.
Семинар барысында қатысушылар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы маңызды ақпарат алды. Студенттер ойын түрінде сауалнама жүргізу арқылы алған білімдерін пысықтады, бұл іс-шараны қызықты әрі тиімді етіп өткізді.
Бұл іс-шара біздің ұйымдар арасындағы ынтымақтастық және меморандум аясында ұйымдастырылды.


