Select Page

2026 жылғы 9 сәуірде АЛТ университетінің қауымдастырылған профессорлары Есжанова Г.К. және Каламбаева Г.А. ғылым айы аясында 1 курс студенттері (45, 31, 310, 312 топтары) үшін «Ғылым әлемі» атты танымдық викторина ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – орыс тілін ғылым тілі ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық қалыптастыру, ғылыми және кәсіби терминологияны меңгеру арқылы студенттердің мәдени деңгейін арттыру болды. Сонымен қатар, түрлі білім салаларында қолданылатын терминдерді терең түсінуге ерекше назар аударылып, қатысушыларға орыс тілінің қазіргі ғылыми кеңістіктегі рөлін кеңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Викторина барысында студенттер командаларға бөлініп, интеллектуалдық сайысқа белсене қатысты. Қатысушылар орыс ғылыми терминологиясына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Викторина студенттерге «Ғылым әлеміне» тереңірек үңілуге, орыс ғылыми лексикасының көркемдігі мен дәлдігін сезінуге, сондай-ақ оның кәсіби және академиялық қызметтегі маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия