Select Page

10-МАҚСАТ — ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

ALT Университетінің инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделген, бұл сапалы білім алуға кедергісіз қолжетімділікке жағдай жасайды. Университет мүмкіндігі шектеулі студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіпкерлік әлеуетін дамытуына және қоғамға интеграциялануына қолдау көрсетеді.

ALT Университеті БҰҰ мойындаған барлық елдердің азаматтары үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әділеттілік пен теңдік қағидаттарына сәйкес, шетелдік студенттер үшін бірыңғай оқу ақысы белгіленген.

ТДМ 10 аясында инклюзивті ортаны кеңейтуге, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға, әлеуметтік шиеленістердің алдын алуға және белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Университетте мүмкіндігі шектеулі студенттердің білім алуына жағдай жасалған. Оқу материалдарын, техникалық оқу құралдарын бейімдеу және жеке қолдауды қоса алғанда, қолжетімді білім беру ортасы қамтамасыз етіледі. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау басқармасы жұмыс істейді, сонымен қатар студенттер қауымдастығында толерантты және инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ALT Устойчивое развитие

Іс-шаралар

Іс-шара атауы Күні Іс-шаралар сілтемесі
1 қыркүйекте Логистика және Көлік Академиясының «Студенттік үкіметінің» мүшелері 1 курс белсенділерімен бірге «Бутаковка» тау курортына барды. 01.09.2022 https://alt.edu.kz/novosti/teambuilding/
Логистика және көлік академиясында бірінші курс студенттеріне арналған «Ice Cream PARTY» ауқымды акциясы өтті. 09.09.2022 https://alt.edu.kz/novosti/ice-cream-party/ 
Биылғы жылдың бірінші курс студенттері үшін «кино кеші» өткізілді. 22.09.2022 https://alt.edu.kz/novosti/kino-noch/
22 қазан Республика күні қарсаңында Академияның барлық студенттері үшін Студенттік үкімет мүшелері ұйымдастырған «Голливуд кеші» мерекелік кеші өтті. 22.10.2022 https://alt.edu.kz/novosti/gollivud-party/
Алматы көлік колледжінің спорт залында Академия қызметкерлері мен ПОҚ арасында волейболдан жыл сайынғы турнир өтті. 06.12.2022 https://alt.edu.kz/novosti/sportivnyj-kollektiv/
Іс-шара атауы Күні Іс-шаралар сілтемесі
19 мамырда Логистика және Көлік Академиясының еріктілері сенбілікті М. Тынышпаев көшесінде өткізді. Іс-шараға Академияның 1 курс студенттері қатысты. 19.05.2023 https://alt.edu.kz/novosti/subbotnik-po-ulicze-m-tynyshpaeva/
31 мамырда Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Талғар ауданы Жаңалық кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 31.05.2023 https://alt.edu.kz/novosti/po-sluchayu-dnya-pamyati-zhertv-politicheskih-repressij-bylo-soversheno-poklonenie-nashim-predkam/
Іс-шара атауы Күні Іс-шаралар сілтемесі
Дін Істері Басқармасының лектор-сарапшысы Жанна Уринбасаровна Кантарбаевамен кездесу 28.02.2024 https://alt.edu.kz/ru/novosti/vstrecha-s-zhannoj-urinbasarovnoj/
«Дін және жастар» — студенттердің діни ұйымдардың өкілдерімен кездесуі 25.09.2024 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/din-zhaene-zhastar-studentterding-dini-ujymdardyng-oekilderimen-kezdesui/
Студенттер арасындағы қылмыс пен ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу 15.10.2024 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/studentter-arasyndaghy-qylmys-pen-ultaralyq-qaqtyghystardyng-aldyn-alu/
Іс-шара атауы Күні Іс-шаралар сілтемесі
«ЖОО-дағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» тақырыбындағы пікірталас 28.03.2025 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/zhoo-daghy-inklyuzivti-bilim-beruding-erekshelikteri-taqyrybyndaghy-pikirtalas/
ALT Университетінде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті! 30.05.2025 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/alt-universitetinde-qazaqstan-halqynyng-birligi-kueni-atalyp-oetti-2/
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінде 1 қазан – Қарттар күніне орай ардагерлер мен қарттарға рухани сый ретінде мәдени іс-шара ұйымдастырылды 01.10.2025 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/muhamedzhan-tynyshbaev-atyndaghy-alt-universitetinde-1-qazan-qarttar-kuenine-oraj-ardagerler-men-qarttargha-ruhani-syj-retinde-maedeni-is-shara-ujymdastyryldy/
Іс жүзіндегі инклюзия: мүгедектігі бар студенттердің сенімділігі мен ресурстық күйін дамыту 06.10.2025 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/is-zhuezindegi-inklyuziya-muegedektigi-bar-studentterding-senimdiligi-men-resurstyq-kuejin-damytu/
«Мүгедектігі бар студенттерді, жетім және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерді, сондай-ақ шетелдік студенттерді бейімдеу, топ бірлігін қалыптастыру және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы семинар-тренингті ұйымдастыру және өткізу 07.10.2025 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/psihologiyalyq-bejimdelmeuding-aldyn-alu-bojynsha-treningtik-is-shara/
«Педагогикалық инновациялар — білім жүйесінің тұрақты дамуының маңызды шарты» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 16.10.2025-17.10.2025 https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/pedagogikalyq-innovaciyalar-bilim-zhuejesining-turaqty-damuynyng-mangyzdy-sharty-atty-halyqaralyq-ghylymi-taezhiribelik-konferenciya/
Skip to content
Приемная комиссия