Select Page

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Біздің оқу орнының студенттері Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ, ҒЗЖМ) конкурсының 2-кезеңіне қатысты. Олар «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару», «7М152 — Логистика (салалар бойынша)», «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану», «Тарих», «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», «Мәдениеттану», «Социология» дайындық бағыттары бойынша бақ сынады. Жарыс нәтижесінде студенттеріміз жоғары білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

I орын – Ақылбекова Зарина, ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., «Автокөлік құралдары және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Имангалиева Айжан Киргизбаевна.

I орын – Мұхаметкулов Ә.С., ғылыми жетекшілері – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Мусалиева Роза Джалиловна, Әскери істер институтының бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі, Ауған соғысының ардагері Ишанов Ерназар Хамидуллович.

II орын – Осипов Ерсайын, ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Вахитова Лилия Владимировна.

II орын – Мусин Диас, ғылыми жетекшілері – Әскери істер институтының бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі, Ауған соғысының ардагері Ишанов Ерназар Хамидуллович, PhD, «Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану» циклінің бастығы Кудабаев Болат Қалхайұлы.

III орын – Мұханша Мұхит, ғылыми жетекшісі – PhD, «Жылжымалы құрам» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бақыт Ғабит Бақытұлы.

III орын – Азатқызы Айгерім, ғылыми жетекшілері – гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Канагатов Манат Қанағатұлы, Әскери істер институтының бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі, Ауған соғысының ардагері Ишанов Ерназар Хамидуллович.

III орын – Әбен Аружан, ғылыми жетекшілері – социология ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының ассистент-профессоры Ляпбаева Нургул Ибрагимовна, Әскери істер институтының бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі, Ауған соғысының ардагері Ишанов Ерназар Хамидуллович.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға оқудағы, ғылыми қызметтегі одан әрі табыстарына тілектеспіз!

Skip to content
Приемная комиссия