Select Page

📣 ALT-тағы бейімдеу апталығы!

Құрметті бірінші курс студенттері,
Бұл – сіздердің университет өміріндегі алғашқы қадамдарыңыз, және біз бұл сәттерді ұмытылмастай етуге дайынбыз! ✨

Сіздерді не күтіп тұр?

🎤 Университет басшылығымен кездесу
📚 Оқу процесі, GPA, Platonus жайлы пайдалы ақпарат
🎉 ALT Show, Студенттік үкімет, квесттер мен интерактив
🤖 Би, роботтар және қызықты викториналар
🎪 Клубтар жәрмеңкесі — өз ортаңды тап!
🎬 30 тамыз — Кино кеші
⛰️ 31 тамыз — Алматы қаласы бойынша квест

💡 Бұл жай ғана күн емес — бұл ALT-тағы жаңа тарихыңның бастауы. Қапы қалма!

🗓 КЕСТЕ

📍28.08.2025 — «Көлік және құрылыс» институтының студенттері үшін

10:00–12:00

  • В166 Көлік құрылыстары
  • В165 Магистралды желілер мен инфрақұрылым
  • В126 Көлік құрылысы

12:00–14:00

  • В094 Санитарлық-профилактикалық шаралар
  • В075 Кадастр және жерге орналастыру
  • В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

14:00–16:00

  • В073 Сәулет
  • В065 Көлік техникасы және технологиялары
  • В064 Механика және металл өңдеу

📍29.08.2025 — «Энергетика және цифрлық технологиялар» және «Логистика және бизнес» институттарының студенттері үшін

10:00–12:00

  • B058 Ақпараттық қауіпсіздік
  • B059 Коммуникация және байланыс технологиялары
  • B063 Электр техникасы және автоматтандыру

12:00–14:00

  • B057 Ақпараттық технологиялар
  • B062 Электр техникасы және энергетика

14:00–16:00

«Логистика және бизнес» институтының студенттері

📌 Жаңалықтарды бақылап отырыңыз және студенттік өмірге белсенді түрде қосылуға дайын болыңыз!

ALT-ға қош келдіңіздер! 💙

Skip to content
Приемная комиссия