Select Page
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы АЛТ университеті» акционерлік қоғамы<br />
штаттың кеңеюіне және университетіміздің белсенді дамуына байланысты<br />
профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» акционерлік қоғамы
штаттың кеңеюіне және университетіміздің белсенді дамуына байланысты
профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Тәжірибелі мамандарды біздің команданың бір бөлігі болуға шақырамыз!

Құжаттар қабылдау – 18.07.2025 ж. – 04.08.2025 ж. аралығы

«МҰХАМЕТЖАН ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ALT УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА
ПОҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Лауазымы 2025-2026 оқу жылына арналған жалақы Педагогикалық  (оқыту) жүктемесі
ғылыми дәрежесі мен атағы үшін қосымша төлемді ескере отырып + жалақының 10% өсуі
Институт директоры
                                                      Ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD профессор ғылыми атағымен 1 101 075  120 сағат
                                                      Ғылым докторы қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 1 069 619
                                                      Ғылым докторы 1 038 163
                                                      Ғылым кандидаты,  PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 1 002 775
                                                      Ғылым кандидаты, PhD 971 319
 
Институт директорының орынбасары
                                                     Ғылым докторы, ғылым кандидаты,  PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 822 775 190 сағат

                                                    Ғылым докторы

қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен

791 319
                                                   Ғылым докторы 759 863

                                                   Ғылым кандидаты, PhD

қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен

724 475
                                                   Ғылым кандидаты, PhD 693 019
                                                   Ғылыми атағы жоқ 626 175
Кафедра меңгерушісі
                                                  Ғылым докторы, ғылым кандидаты,  PhD профессор ғылыми атағымен 892 350

Бітіруші кафедра меңгерушісі – 240 сағат

Бітірмейтін кафедра меңгерушісі – 270 сағат

                                                  Ғылым докторы

қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен

860 894
                                                  Ғылым докторы 829 438
                                                  Ғылым кандидаты,  PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 794 050
                                                  Ғылым кандидаты, PhD 762 594
Профессор
                                                 Ғылым докторы, ғылым кандидаты,  PhD профессор ғылыми атағымен 664 650 370 сағат
 
ALT профессоры 460 сағат

                                                 Ғылым докторы

қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен

607 894
                                                 Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 541 050
Қауымдастырылған профессор

                                                 Ғылым докторы

қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен

607 894 460 сағат
                                                 Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 541 050
ALT қауымдастырылған профессоры
                                                Ғылым докторы 525 838 510 сағат
                                                Ғылым кандидаты, PhD 458 994
Сениор-лектор 341 550 540 сағат
   
Ассистент-оқытушы 290 950 540 сағат
 
Тәлімгер оқытушы 278 575 620 сағат

       *Ғылыми дәреже үшін қосымша төлем АЕК сәйкес өзгеруі мүмкін.

 

Ескерту: ПОҚ үшін жыл қорытындысы бойынша KPI жүйесі, сонымен қатар, семестрлік сыйақы қарастырылған.

  • Біздің университетте ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуге, сонымен қатар шет тілдерін тегін оқуға мүмкіндіктер бар.
  • Үміткерлерде IELTS 6.0 сертификаты болса және ағылшын тілін кем дегенде C1 – кәсіби біліктілік деңгейі (Advanced) болса, сағаттық жүктемені азайта отырып, ағылшын тілінде оқытылатын топтарға оқытудың бірегей мүмкіндігі беріледі.

КАФЕДРА БОЙЫНША ПОҚ-ның БОС ОРЫНДАР ТІЗІМІ

  ПОҚ лауазымы Жүктеме саны
Логистика және бизнес институты Директор 1
Директордың орынбасары 1
     
Автоматтандыру және басқару кафедрасы Қауымдастырылған профессор 2
ALT  қауымдастырылған профессоры 2
Сениор-лектор 1
Ассистент-оқытушы 1
Тәлімгер оқытушы 1
     
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар кафедрасы Қауымдастырылған профессор 3
ALT  қауымдастырылған профессоры 5
Сениор-лектор 5
Ассистент-оқытушы 2
Тәлімгер оқытушы 2
     
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы (РЭТ) Кафедра меңгерушісі 1
Қауымдастырылған профессор 2
ALT  қауымдастырылған профессоры 2
Сениор-лектор 2
Ассистент-оқытушы 2
Тәлімгер оқытушы 1
     
Энергетика кафедрасы Кафедра меңгерушісі 1
Қауымдастырылған профессор 2
ALT  қауымдастырылған профессоры 6
Сениор-лектор 5
Ассистент-оқытушы 2
Тәлімгер оқытушы 2
     
Көлік қызметтері және бизнес кафедрасы Кафедра меңгерушісі 1
«Логистика» циклы  
Профессор 1
ALT  қауымдастырылған профессоры 1
Сениор-лектор 1
Тәлімгер оқытушы 1
«Көлік қозғалысын ұйымдастыру» циклы
Қауымдастырылған профессор 1
ALT  қауымдастырылған профессоры 2
Сениор-лектор 2
«Экономика және бизнес» циклы  
ALT  қауымдастырылған профессоры 2
     
«Language Education» кафедрасы Кафедра меңгерушісі 1
«Шет тілі» циклы
ALT  қауымдастырылған профессоры 4
Сениор-лектор 2
Ассистент-оқытушы 1
Тәлімгер оқытушы 1
«Қытай тілі» циклы
Ассистент-оқытушы 1
Сениор-лектор 1
     
Жалпы инженерия кафедрасы «Қолданбалы физика» циклы
ALT  қауымдастырылған профессоры 1
Сениор-лектор 1
Ассистент-оқытушы 1
«Инженерлік математика» циклы
Қауымдастырылған профессор 2
Сениор-лектор 1
Тәлімгер оқытушы 1
     
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» циклы
Қауымдастырылған профессор 1
     
Көлік құрылысы кафедрасы Кафедра меңгерушісі 1
 «Көлік құрылысы» циклы
ALT  қауымдастырылған профессоры 2
Сениор-лектор 1
Ассистент-оқытушы 1
«Механика» циклы
ALT  қауымдастырылған профессоры 1
Сениор-лектор 1
Ассистент-оқытушы 1
«Кадастр» циклы
Ассистент-оқытушы 1
Тәлімгер оқытушы 1
     
Автокөлік құралдары және өміртіршілік қауіпсіздігі кафедрасы «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» циклы
ALT  қауымдастырылған профессоры 1
«Машина жасау» циклы
ALT  қауымдастырылған профессоры 1
     
Сәулет-құрылыс инженериясы кафедрасы « Ғимараттар мен құрылыстар сәулеті » циклы
Қауымдастырылған профессор 1
ALT қауымдастырылған профессор 1
Сениор-лектор 1
Ассистент-оқытушы 1
Тәлімгер оқытушы 1
«Мұнай-газ нысандарының құрылысы » циклы
Сениор-лектор 1
  ИТОГО: 102

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ-БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

Қосымша 1
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы
ALT Университеті» АҚ профессор-оқытушылар құрамы
және институт директорларының
бос лауазымдарын жариялау ережесіне

 «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ
профессор-оқытушылар құрамының академиялық лауазымдарының
конкурстық-біліктілік талаптары
Институт директоры: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің болуы, ғылыми атағының және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы бар оқытушының болуы құпталады, ғылыми атағының болуы артықшылық болып саналады. Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Фандрайзинг пен коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы маңызды..Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу қосымша артықшылық болып табылады.
Институт директорының орынбасары: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің, ғылыми атағының болуы құпталады. Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Фандрайзинг пен коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы маңызды. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.
Кафедра меңгерушісі: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің болуы, ғылыми атағының болуы құпталады. Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті.  Фандрайзинг және коммерцияландыру дағдылары.Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.
Профессор: ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің және уәкілетті орган берген немесе мойындаған «Профессор» ғылыми атағының болуы. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс. Үміткердің ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен өткізуге қажетті дағдылары болуы қажет. Диссертациялық кеңестердің мүшесі, ғылыми немесе академиялық дәреже ізденушілерінің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болуы құпталады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында немесе шетелде диссертация қорғаған ізденушілердің болуы. Жарияланған және/немесе ұсынылған оқулықтардың, оқу құралдарының және/немесе монографиялардың және/немесе патенттердің болуы, халықаралық және республикалық ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық бағдарламаларға, гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына, мега-гранттарға жетекшілік етуі артықшылық болып саналады. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Шет тілін ( мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.
ALT профессоры: ғылым докторы, ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағының болуы. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үздіксіз ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл және жоғары оқу орындарында жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті дағдыларға ие болуы керек. Диссертациялық кеңестердің мүшесі, ғылыми немесе академиялық дәреже ізденушілерінің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болуы құпталады, сондай-ақ диссертация қорғаған ізденушілердің Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалуы – артықшылық болып саналады. Шет тілін (ағылшын тілін) білу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады.
Қауымдастырылған профессор: ғылым докторы немесе ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген немесе мойындаған қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 6 жыл болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Фандрайзинг пен коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы маңызды. Шет тілін (әсіресе ағылшын тілін) білу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады.
ALT қауымдастырылған профессоры: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы, уәкілетті органмен берілген немесе танылған. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша салалық басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Фандрайзинг пен ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы құпталады.
Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.
Сениор-лектор: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.
Ассистент-оқытушы:  жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет.
Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.
Тәлімгер оқытушы:  жоғары білім. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары. Шет тілін (мүмкіндігінше  ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.

Ескертулер:

  1. Конкурсқа қатысушыларды таңдау кезінде келесі талаптарды қанағаттандыратын үміткерлерге басымдық беріледі: ғылыми-зерттеу жобалары; патенттер мен авторлық куәліктер; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (МНиВО РК) қаржыландыратын, түрлі халықаралық қорлар немесе басқа ұйымдар тарапынан қаржыландырылатын негізгі және қолданбалы зерттеулер бойынша гранттар; тапсырыс берушілермен келісім-шарттар негізінде орындалған НИОКР, НЦГНТЭ-де тіркелген; IELTS немесе TOEFL сертификаттары.

КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы (оқытылатын пәндер бойынша) куәліктердің көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл, 72 сағаттан кем емес)
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Білімі туралы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар екендігін растайтын дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері. Шетел тілінде берілген дипломдарға мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы қоса тіркелуі міндетті;
  4. Ғылыми басылымдар, жұмыстар мен өнертабыстар тізбесі (соңғы 5 жыл)
  5. Сәйкес құрылымдық бөлімнің дамыту бағдарламасының жобасы (кафедра меңгерушісі, институт директорларының бос лауазымдарына үміткерлер үшін) көлемі 3 слайдтан артық емес; оқу пәні бойынша жобаның презентациясы (ПОҚ бос лауазымына үміткерлер үшін). Презентация 5 слайдтан аспау керек және электронды түрде тапсырылады;
  6. Өтініш берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
  8. Қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚО-ның анықтамалары;
  9. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 6,7,8 -тармағы бойынша құжаттарды тапсырудан босатылады.

Конкурс құжаттарын ұсынбаған және өтінім мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзған жағдайда, өтінім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Үміткерлердің назарына!
Оқытушы құрамының бос лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін келесі сілтеме арқылы өтіп,
қажетті форманы толтыруыңызды сұраймыз:

👉 Конкурсқа қатысу үшін сілтеме

https://b24-3j39jq.bitrix24.site/alt-university-ppsform/

📌 Назар аударыңыз:

Өтінім формасы тек бір рет жіберіледі, оны қайта толтыру мүмкін емес. Сондықтан онлайн өтінім бермес бұрын барлық растайтын құжаттарыңыздың толық жинақталғанына көз жеткізіңіз (дипломдар, жеке куәлік, сертификаттар және т.б. скан нұсқалары).

Университетімізге білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз!
Құжаттар қабылдау: «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ  https://alt.edu.kz
ресми сайтында жарияланған күннен 18 күнтізбелік күн ішінде 18.07.2025-04.08.2025 аралығында

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» Акционерлік қоғамы
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс өткізетін орын:
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97

Skip to content
Приемная комиссия