Select Page
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы АЛТ университеті» акционерлік қоғамы<br />
штаттың кеңеюіне және университетіміздің белсенді дамуына байланысты<br />
профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 28.05.2026 ж. мен 11.06.2026 ж. аралығы

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
«МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ALT УНИВЕРСИТЕТІ»
ПОҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫ БОЙЫНША
ЕҢБЕКАҚЫ ДЕҢГЕЙІ

Лауазымы Ғылыми дәрежеі 2025-2026 оқу жылына арналған жалақы
*ғылыми дәрежесі мен атағы үшін қосымша төлемді ескере отырып
Профессор Ғылым докторы, ғылым кандидаты,  PhD профессор ғылыми атағымен 731 105
Қауымдастырылған профессор Ғылым докторы
қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен
668 675
Ғылым кандидаты, PhD, DBA қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен 595 150
Қауымдастырылған профессор ALT Ғылым докторы 578 415
Ғылым кандидаты, PhD 504 890
Сениор-лектор   375 705
Ассистент-оқытушы   320 045
Тәлімгер оқытушы   306 433

       *Ғылыми дәреже үшін қосымша төлем АЕК сәйкес өзгеруі мүмкін.

КАФЕДРА БОЙЫНША ПОҚ-ның БОС ОРЫНДАР ТІЗІМІ

Кафедраның атауы

Профессор-оқытушылар құрамының лауазымы

Бос лауазымдар саны

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Профессор

2

Қауымдастырылған профессор

5

ALT қауымдастырылған профессоры

5

Сениор-лектор

3

Ассистент-оқытушы

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы
(ақпараттық қауіпсіздік мамандарын қоса алғанда)

Профессор

3

Қауымдастырылған профессор

9

ALT қауымдастырылған профессоры

10

Сениор-лектор

7

Ассистент-оқытушы

2

Тәлімгер- оқытушы

3

Радиотехника және  телекоммуникациялар кафедрасы

Профессор

2

Қауымдастырылған профессор

6

ALT қауымдастырылған профессоры

6

Сениор-лектор

4

Ассистент-оқытушы

2

Энергетика кафедрасы

Профессор     

3

Қауымдастырылған профессор         

7

ALT қауымдастырылған профессоры

7

Сениор-лектор

4

Ассистент-оқытушы

2

Көлік қызметтері және бизнес кафедрасы

«Логистика және  ТҰҚКП» циклы

Профессор

5

Қауымдастырылған профессор

8

ALT қауымдастырылған профессоры

7

Сениор-лектор

3

Ассистент-оқытушы

1

 «Экономика және менеджмент» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

3

ALT қауымдастырылған профессоры

4

Сениор-лектор

3

Ассистент- оқытушы

1

 «Language Education» кафедрасы

 «Шет тілі» циклы

Профессор

2

Қауымдастырылған профессор

7

ALT қауымдастырылған профессоры

10

Сениор-лектор

8

Ассистент-оқытушы

4

  «Қазақ тілі» циклы

 

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

1

Сениор-лектор

1

 «Орыс тілі» циклы

 

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

2

Сениор-лектор

 

1

«Қытай тілі» циклы

ALT қауымдастырылған профессоры

1

Ассистент-оқытушы

1

Жалпы инженерия кафедрасы

 «Қолданбалы физика» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

3

Сениор-лектор

2

Ассистент-оқытушы

1

 «Инженерлік математика» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

3

ALT қауымдастырылған профессоры

5

Сениор-лектор

3

Ассистент-оқытушы

1

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасы

«ӘГП» циклы

Профессор

2

Қауымдастырылған профессор

8

ALT қауымдастырылған профессоры

8

Сениор-лектор

5

Ассистент-оқытушы

2

 «ДТ» циклы

ALT қауымдастырылған профессоры

1

Сениор-лектор

5

Ассистент-оқытушы

1

Көлік құрылысы кафедрасы

«Темір жол құрылысы» циклы

Профессор

2

Қауымдастырылған профессор

3

ALT қауымдастырылған профессоры

3

Сениор-лектор

2

Ассистент-оқытушы

2

«Автомобиль жолдарын салу» циклы

Профессор

2

Қауымдастырылған профессор

6

ALT қауымдастырылған профессоры

5

Сениор-лектор

2

Ассистент-оқытушы

2

«Мұнай-газ құрылыстарын салу» циклы

Қауымдастырылған профессор

1

ALT қауымдастырылған профессоры

2

Жылжымалы құрам кафедрасы

Профессор     

2

ALT профессоры

1

Қауымдастырылған профессор

4

ALT қауымдастырылған профессоры

6

Сениор-лектор

2

Автокөлік құралдары және өміртіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

«ААШ» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

5

ALT қауымдастырылған профессоры

3

Сениор-лектор

2

Ассистент-оқытушы

1

«Машина жасау» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

2

Сениор-лектор

3

Ассистент-оқытушы

1

Тәлімгер- оқытушы

1

«ЖЖМ» циклы

Қауымдастырылған профессор

2

 «ӨТҚ» циклы

Қауымдастырылған профессор

3

ALT қауымдастырылған профессоры

2

Сениор-лектор

2

Сәулет-құрылыс инженериясы кафедрасы

«Ғимараттар мен құрылыстар сәулеті» циклы

Профессор

1

Ассоциированный профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

2

Сениор-лектор

2

Ассистент- оқытушы

1

Тәлімгер- оқытушы

1

«Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды салу» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

4

Сениор-лектор

3

Ассистент- оқытушы

1

«Кадастр және қала құрылысы» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессоры

4

Сениор- лектор

2

Ассистент-оқытушы

2

Тәлімгер- оқытушы

1

«Қолданбалы механика» циклы

Профессор

1

Қауымдастырылған профессор

2

ALT қауымдастырылған профессор

2

Сениор-лектор

2

Ассистент- оқытушы

1

Тәлімгер- оқытушы

1

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ-БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

«Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ
ПОҚ лауазымдары бойынша конкурстық-біліктілік талаптары

Профессор: ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің және уәкілетті орган берген немесе мойындаған «Профессор» ғылыми атағының болуы. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс. Үміткердің ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен өткізуге қажетті дағдылары болуы қажет. Диссертациялық кеңестердің мүшесі, ғылыми немесе академиялық дәреже ізденушілерінің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болуы құпталады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында немесе шетелде диссертация қорғаған ізденушілердің болуы. Жарияланған және/немесе ұсынылған оқулықтардың, оқу құралдарының және/немесе монографиялардың және/немесе патенттердің болуы, халықаралық және республикалық ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық бағдарламаларға, гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына, мега-гранттарға жетекшілік етуі артықшылық болып саналады. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Шет тілін ( мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу  және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады.

ALT профессоры: ғылым докторы, ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағының болуы. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үздіксіз ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл және жоғары оқу орындарында жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті дағдыларға ие болуы керек. Диссертациялық кеңестердің мүшесі, ғылыми немесе академиялық дәреже ізденушілерінің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болуы құпталады, сондай-ақ диссертация қорғаған ізденушілердің Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалуы – артықшылық болып саналады. Шет тілін (ағылшын тілін) білу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады.

Қауымдастырылған профессор: ғылым докторы немесе ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген немесе мойындаған қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 6 жыл болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Фандрайзинг пен коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы маңызды. Шет тілін (әсіресе ағылшын тілін) білу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады.

ALT қауымдастырылған профессоры: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы, уәкілетті органмен берілген немесе танылған. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша салалық басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Фандрайзинг пен ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы құпталады.
 Шет тілін ( мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу  және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады.

Сениор-лектор: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.

Ассистент-оқытушы:  жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет.
Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.

Тәлімгер оқытушы:  жоғары білім. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары. Шет тілін (мүмкіндігінше  ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады.

Ескертулер:
Конкурсқа қатысушыларды таңдау кезінде келесі талаптарды қанағаттандыратын үміткерлерге басымдық беріледі: ғылыми-зерттеу жобалары; патенттер мен авторлық куәліктер; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын, түрлі халықаралық қорлар немесе басқа ұйымдар тарапынан қаржыландырылатын негізгі және қолданбалы зерттеулер бойынша гранттар; тапсырыс берушілермен келісім-шарттар негізінде орындалған НИОКР, НЦГНТЭ-де тіркелген; IELTS немесе TOEFL сертификаттары.

Профессорлық-оқытушылық құрамға ынталандырушы үстемақылар

Профессор-оқытушылар құрамының (KPI) қызметін бағалау және ынталандыру жүйесі туралы ережеден үзінділер

  1. Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларындағы жарияланымдар
KPI көрсеткіші Растау шарттары 1 мақала үшін төлем мөлшері (теңге)
1 Scopus немесе WoS журналында ғылыми мақала жариялау: Percentile 75–99 немесе Quartile Q1 (авторға немесе корреспондент-авторға)

1.Мақала Scopus немесе Web of Science базаларында индекстелетін журналда жариялануы және Scopus бойынша тиісті процентильге, WoS бойынша квартильге ие болуы тиіс;

2.Жарияланымдарда Университеттің аффилиациясы міндетті түрде көрсетілуі тиіс; журналдың квартилі жарияланған сәтте расталады;

3.Жарияланым Ғылым және инновациялар департаментімен тексеріліп, расталуы тиіс.

500 000 теңге
2 Scopus немесе WoS журналында ғылыми мақала жариялау: Percentile 50–74 немесе Quartile Q2 — авторға, корреспондент-авторға және 3 авторға. 400 000 теңге
3 Scopus немесе WoS журналында ғылыми мақала жариялау: Percentile 25–49 немесе Quartile Q3 — авторға, корреспондент-авторға және 3 авторға. 100 000 теңге
  1. Халықаралық бірлескен авторлық үшін үстемақы
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Scopus немесе WoS журналында университеттің ТОП-500 Q1 қатарына кіретін өкілімен бірлескен авторлықта жарияланған ғылыми мақала: Percentile 75–99 немесе Quartile Q1 (авторға немесе корреспондент-авторға)

1. 3.1-тармақтың барлық талаптары орындалуы тиіс;

2. Авторлар құрамында жарияланым сәтінде ТОП-500 қатарына кіретін Университет өкілі болуы тиіс;

3. Факт Ғылым және инновациялар департаментімен расталуы тиіс.

100 000 теңге
2 Scopus немесе WoS журналында ТОП-500 қатарына кіретін университет өкілімен бірлескен авторлықта жарияланған ғылыми мақала: Percentile 50–74 немесе Quartile Q2 (авторға, корреспондент-авторға және 3 авторға)     80 000 теңге
3 Scopus немесе WoS журналында ТОП-500 қатарына кіретін университет өкілімен бірлескен авторлықта жарияланған ғылыми мақала: Percentile 25–49 немесе Quartile Q3 (авторға, корреспондент-авторға және 3 авторға)      50 000 теңге
  1. Ғылыми және зияткерлік қызмет нәтижелері
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Монографияны дайындау және жариялау

1. Монографияның ISBN нөмірі болуы және көлемі 6 б.т.-дан артық болуы тиіс

2. Білім беру немесе ғылыми қызметте қолданылып, енгізу актісімен расталуы тиіс;

3. Университеттің аффилиациясының болуы;

4. ылым және инновациялар департаментімен расталуы.

80 000  теңге
2 ҒЖБСҚК тізбесіне кіретін журналда ғылыми мақала жариялау

1. Журнал ҒЖБСҚК тізбесіне енгізіліп, белгілі бір санатталған тізімге (1–4) кіруі тиіс;

2. Университеттің аффилиациясы көрсетілуі тиіс;

4. Ғылым және инновациялар департаментінің растауы.

60 000 теңге
3 Қазақстан Республикасының патентін алу

1. Патент иеленушісі Университет болуы тиіс;

2. Патенттің қолданыстағы мәртебесі болуы тиіс;

3. Ғылым және инновациялар департаментінің растауы.

75 000 теңге
4 Халықаралық патент алу

1. Патент Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелуі тиіс;

2. Патент иеленушісі Университет болуы тиіс;

3. Патенттің қолданыстағы мәртебесі болуы тиіс;

4. Ғылым және инновациялар департаментінің растауы.

100 000 теңге
5 Авторлық куәлік алу 1. Ғылым және инновациялар департаментімен расталуы. 15 000 теңге
  1. Хирш индексі *
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1. Scopus немесе Web of Science бойынша Хирш индексін 1 бірлікке арттыру 1. Ғылым және инновациялар департаментінің растауы. 15 000
2. Scopus немесе Web of Science бойынша Хирш индексінің h ≥5 деңгейіне қол жеткізу 1. Ғылым және инновациялар департаментінің растауы. 50 000
3. Scopus немесе Web of Science бойынша Хирш индексінің h ≥10 деңгейіне қол жеткізу 1. Ғылым және инновациялар департаментінің растауы. 100 000
  1. Оқу-әдістемелік бағыт
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 ҒЖБМ оқулығын дайындау Оқулық (көлемі: кемінде 9 б.т.) ашық басылымда жарияланып, білім беру процесінде қолданылуы және кемінде 5 данасы Университеттің КАО-на тапсырылуы тиіс. 200 000
2 Оқу құралын дайындау (ҒК) Оқу құралы (көлемі: кемінде 6 б.т.) ашық басылымда жарияланып, білім беру процесінде қолданылуы және кемінде 5 данасы Университеттің КАО-на тапсырылуы тиіс. 120 000
3 Әдістемелік нұсқауларды (ұсынымдарды) әзірлеу Әдістемелік нұсқаулар (көлемі: кемінде 2 б.т.) ашық басылымда жарияланып, білім беру процесінде қолданылуы және кемінде 5 данасы Университеттің КАО-на тапсырылуы тиіс. Әдістемелік нұсқаулар жаңа білім беру бағдарламалары бойынша (жаңа зертханаларда қолдану үшін) әзірленуі тиіс. 60 000
4 Кейстік оқу құралын әзірлеу Кейстік оқу құралы (көлемі: кемінде 5 б.т.) ашық басылымда жарияланып, білім беру процесінде қолданылуы және кемінде 5 данасы Университеттің КАО-на тапсырылуы тиіс. 60 000
5 Жаңа ЭОӘК әзірлеу LMS жүйесіне жүктеу және сараптама актісін алу 50 000
6 Жаппай ашық онлайн курсты (ЖАОК) әзірлеу Курс РИ-107 талаптарына сәйкес болуы тиіс. Енгізу актісінің және бекітілген хаттаманың болуы. 50 000
7 Coursera платформасына ЖАОК жүктеу ЖАОК-тың халықаралық Coursera платформасында болуы 300 000
  1. Студенттермен жұмыс
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Халықаралық деңгейде білім беру жобалары, олимпиадалар, дипломдық жобалар конкурстары, спорттық жарыстар жеңімпаздары атанған білім алушыларды дайындау 1орын Диплом 250 000
2

Халықаралық деңгейде білім беру жобалары, олимпиадалар, дипломдық жобалар конкурстары, спорттық жарыстар жеңімпаздары атанған білім алушыларды дайындау

2 орын

Диплом 200 000
3

Халықаралық деңгейде білім беру жобалары, олимпиадалар, дипломдық жобалар конкурстары, спорттық жарыстар жеңімпаздары атанған білім алушыларды дайындау

3 орын

Диплом 150 000
4

Республикалық деңгейде білім беру жобалары, олимпиадалар, дипломдық жобалар конкурстары, спорттық жарыстар жеңімпаздары атанған білім алушыларды дайындау

1 орын

Диплом 150 000
5

Республикалық деңгейде білім беру жобалары, олимпиадалар, дипломдық жобалар конкурстары, спорттық жарыстар жеңімпаздары атанған білім алушыларды дайындау

2 орын

Диплом 100 000
6

Республикалық деңгейде білім беру жобалары, олимпиадалар, дипломдық жобалар конкурстары, спорттық жарыстар жеңімпаздары атанған білім алушыларды дайындау

3 орын

Диплом 50 000
  1. Халықаралық қызмет және халықаралық рейтингтерге қосқан үлес
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 ТОП-500 қатарына кіретін университеттен кемінде 2 апта мерзімге шетелдік профессор тарту

1.  Келісімшарттың немесе бұйрықтың болуы;

2.  Сабақтардың, дәрістердің (32 сағат) өткізілгенін және ғылыми қызметке қатысқанын растау.

100 000
2 Кемінде бір академиялық семестр мерзіміне шетелдік профессор тарту

1. Келісімшарттың және бұйрықтың болуы;

2.  Білім беру процесіне қатысқанын растау.

200 000
3 ТОП-500 санатындағы университетпен ынтымақтастық туралы келісімге (MoU) қол қою 1. Қол қойылған келісімнің болуы 200 000
4 ТОП-500 санатындағы университетпен жасалған ынтымақтастық туралы келісімді (MoU) іске асыру 1. Білім алушылармен және ППС-пен алмасу, бірлескен жарияланымдар, жобалар, ППС біліктілігін арттыру бойынша нақты іс-шаралардың жүргізілгенін растау 300 000
5 Қос дипломды білім беру бағдарламасын (Double Degree) іске қосу

1. ББ бірлесіп іске асыру туралы келісімнің (Double Degree) болуы;

2. Бағдарлама бекітіліп, ЖБББТ тізіліміне енгізілуі тиіс.

300 000
6 ТОП-500 қатарына кіретін университетпен ППС академиялық ұтқырлығына қатысу (кіріс/шығыс, мерзімі – кемінде 2 апта)

1. ППС-ті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іссапарға жіберу туралы бұйрық

 

250 000
  1. Ұлттық рейтингтер және білім беру бағдарламаларының тиімділігі
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингте 1 орын алды Рейтингтің ресми нәтижелері 100 000
2 Білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингте 2 орын алды Рейтингтің ресми нәтижелері 75 000
3 Білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингте 3 орын алды Рейтингтің ресми нәтижелері 50 000
  1. ББ бойынша «Атамекен» ҰКП рейтингі
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингте 1 орын алды Рейтингтің ресми нәтижелері 150 000
2 Білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингте 2 орын алды Рейтингтің ресми нәтижелері 100 000
3 Білім беру бағдарламасы ұлттық рейтингте 3 орын алды Рейтингтің ресми нәтижелері 50 000
  1. Қосымша тиімділік көрсеткіштері
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингтегі позициясын арттыру (өткен жылмен салыстырғанда) Рейтингтерді өткен жылмен салыстыру 100 000
2 Білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингтің ТОП-10 қатарына енуі Рейтингтің ресми нәтижелері 80 000
3 Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі кемінде 90% болуы тиіс (оқуды аяқтағаннан кейін) Мансап орталығының деректері 120 000
  1. 1 Дуальды білім бер
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Кемінде 20 адамнан тұратын академиялық топ үшін бір ұйым базасында дуальды оқытуды ұйымдастыру Кәсіпорындармен жасалған келісімшарттардың, бұйрықтың, оқу кестесінің және топтың қатысуын растайтын құжаттардың болуы 80 000
  1. Зертханаларды құру және индустриямен ынтымақтастық
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 ТОП-500 санатындағы серіктеспен университет базасында (логотипімен) халықаралық зертхана құру

1)      Зертхана ресми түрде ашылуы тиіс;

2)      серіктеспен келісімнің болуы;

3)      зертхана оқу немесе ғылыми қызметте пайдаланылуы тиіс.

500 000
2 Индустриялық серіктеспен бірлесіп университет базасында (логотипімен) отандық зертхана құру

1)      Зертхана ресми түрде ашылуы тиіс;

2)      серіктеспен келісімнің болуы;

3)      зертхана оқу немесе ғылыми қызметте пайдаланылуы тиіс.

300 000
3 Университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін кемінде 5 млн теңге көлемінде қаржыландыру тарту Актінің, келісімшарттың, құнын растайтын немесе бухгалтерлік құжаттардың болуы 200 000
4 Зертханалық, жобалық немесе ғылыми-зерттеу қызметі үшін жаңа кәсіпорындармен келісімшарттар жасау және кафедра филиалдарын ашу Келісімшарт Университетте тіркеліп, нақты іске асырылуы тиіс 50 000
  1. Білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Бакалавриат деңгейі бойынша жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу ББ белгіленген тәртіппен бекітіліп, тізілімге / оқу процесіне енгізілуі тиіс 300 000
2 Магистратура деңгейі бойынша жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу Білім беру бағдарламасы белгіленген тәртіппен бекітілуі тиіс 350 000
3 Білім беру бағдарламасын кемінде 50% көлемінде жаңғырту

1)      Оқыту нәтижелері, пәндер, матрицалар, силлабустар және индустриялық компоненттер жаңартылуы тиіс;

2)      оқу-әдістемелік органдармен расталуы тиіс.

70 000
  1. ПОҚ біліктілігін арттыру
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 ҚР ҒЖБМ қауымдастырылған профессор / доцент ғылыми атағын алу ҚР ҒЖБМ ресми түрде ғылыми атақ беру 100 000
2 ҚР ҒЖБМ профессор ғылыми атағын алу ҚР ҒЖБМ ресми түрде ғылыми атақ беру 200 000
3 IELTS сертификатын кемінде 6.0 деңгейінде алу Жауапты бөлімшемен расталған қолданыстағы сертификат 80 000
4 IELTS 6.5–7.0 деңгейі Қолданыстағы сертификат 120 000
5 IELTS 7.5 және одан жоғары деңгей Қолданыстағы сертификат 150 000
6 DSH емтиханынан кемінде C1 деңгейі / TestDaF кемінде C1 / DELF кемінде C1 / TOEFL iBT – кемінде 95 балл немесе оған теңестірілген халықаралық сертификат алу. Университет тарапынан танылған қолданыстағы сертификат 80 000
  1. Әлеуметтік-тәрбиелік және ұйымдастырушылық бағы
KPI көрсеткіші Растау шарттары Төлем мөлшері (теңге)
1 Студенттер үйінде кезекшілік (1 кезекшілік үшін) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 10 000
2 Сенбілікке қатысу (1 іс-шара үшін, кафедраның қатысу үлесі – 80%) Қатысу жауапты тұлғамен расталды (фотоесеп) 15 000
3 Сабақтарға сараптамалық қатысу (1 қатысу үшін) Қатысу сараптамалық қорытындымен расталды 7 000
4 Мастер-класстар өткізу Қатысу парағының болуы, кафедра отырысында есеп беру, ақпаратты сайтта орналастыру 15 000
5 Алқалы органдарға қатысу Қатысу бұйрықпен, хаттамамен немесе есеппен расталды 5 000

 

  1. Қолданыстағы құжаттан алынған жұмыс уақыты нормалары

1. Оқу жүктемесін саралау

№ пп Негіздеме Қысқарту көлемі
1 Scopus немесе WoS журналында 1 жарияланым: Percentile 75–99 немесе Quartile Q1 2 workload-кредитке дейін (60 сағат)
2 Scopus немесе WoS журналында 1 жарияланым: Percentile 50–74 немесе Quartile Q2 1 workload-кредитке дейін (30 сағат)
3 — 2 және одан да көп жарияланым болған жағдайда (Q1/Q2) 2–4 workload-кредитке дейін (60–120 сағат)
4 Қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-білім беру жобалары мен бағдарламалардың (гранттардың), сондай-ақ іргелі, қолданбалы және шаруашылық шарт негізіндегі зерттеу жобаларының болуы 2 workload-кредитке дейін (60 сағат)
5 Жас ғалым» бағдарламасына қатысу (жоба жетекшісі немесе орындаушы ретінде) 1 workload-кредитке дейін (30 сағат)
  1. ППС-тің аудиториялық жүктемесін жоспарлаудағы түзету коэффициенті (дәрістер, практикалық, зертханалық сабақтар, СРОП):
  • магистранттар үшін – 1.2;
  • докторанттар үшін – 1.33.

КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Басқарма Төрағасы – Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (№1 нысан);
  2. Белгіленген үлгідегі сауалнама (№2 нысан);
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасы немесе көшірмесі;
  4. Білімі туралы құжаттардың, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері. Шетел тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тану және (немесе) нострификациялау туралы құжатпен бірге ұсынылады;
  5. Пәнді оқыту әдістемесінің презентациясы (кез келген пән мысалында) — ППС бос лауазымына үміткерлер үшін. Презентация электрондық түрде, көлемі 5 слайдтан аспайтын түрде ұсынылады;
  6. Соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы электрондық форматтағы сертификаттар, еркін нысандағы тыңдаушы есебімен бірге, оның ішінде: оқытылатын пәндер бойынша — көлемі кемінде 72 сағат; инклюзивті білім беру әдістемесі бойынша — көлемі кемінде 72 сағат; білім беруде жасанды интеллектті қолдану бойынша — көлемі кемінде 18 сағат;
  7. Соңғы 5 (бес) жылдағы ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің, авторлық куәліктердің, жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (№3 нысан);
  8. Еңбек қызметі мен кәсіби еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  9. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама, сондай-ақ кандидаттың наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмайтыны туралы анықтамалар;

Университет қызметкерлері 3), 4), 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынудан босатылады.

Үміткерлердің назарына!

Профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, барлық қажетті құжаттарды толтырып, жүктеуіңізді сұраймыз:

👉 Конкурсқа қатысу үшін сілтеме
📌ALT қызметкерлері үшін (штаттағы қызметкерлер)
Құжаттарды тапсыруға арналған сілтеме: https://b24-3j39jq.bitrix24.site/crm_form_vexh9/

📌Сырттан қатысушы үміткерлер үшін
Құжаттарды тапсыруға арналған сілтеме: https://b24-3j39jq.bitrix24.site/crm_form_i73ac/

Назар аударыңыз:
Конкурсқа қатысуға өтінім бір рет қана толтырылады, өтінімді қайта жіберу мүмкін емес. Сондықтан өтінім жібермес бұрын барлық растайтын құжаттардың толық топтамасы (дипломдардың, жеке куәліктің, сертификаттардың және т.б. сканерленген нұсқалары) дайын екеніне көз жеткізіңіз.

Университетімізге білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз!

Құжаттарды қабылдау: Конкурс туралы хабарландыру «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде, яғни 2026 жылғы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында жүргізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша HR-департаментіне төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Байсалбай Бекзат Мейірханқызы, +7 702 470 3998 — HR департаментінің бас маманы
Советбек Гульнара Советбекқызы, +7 701 088 9997 — персоналмен жұмыс жөніндегі менеджер

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» Акционерлік қоғамы
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс өткізетін орын:
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97

Skip to content
Приемная комиссия