ALT біріктірілген менеджмент жүйесі
«Логистика және көлік академиясы» АҚ – да (бұдан әрі-ЛКА) біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген. Оның басты мақсаты-ЛКА ішкі процестерін ретке келтіру және жүйелеу, сонымен қатар мүдделі тараптардың қанағаттануының жоғары дәрежесін қамтамасыз ету.
2021 жылдың қараша айында «Логистика және көлік академиясы» АҚ сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен 3 жылдық мерзімге сәтті өтті:
- ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»;
- ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»;
- ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық»;
- ҚР СТ ISO 50001-2019 «Энергия менеджменті жүйесі. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулар».
«Логистика және көлік академиясы» АҚ ұжымын сертификаттық аудиттен сәтті өтуімен құттықтаймыз және біріктірілген менеджмент жүйесі аясында одан әрі жемісті жұмыс тілейміз!