Select Page

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Академияның ғылыми-зерттеу қызметі бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, логистика және көлік саласындағы жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты.

Академияның ғылыми-техникалық қызметі технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін көлік-коммуникация саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технологияның және өндірістің бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті Академияның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтерді ұйымдастыруды және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы
Приемная комиссия