Select Page

ALT мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушылардың «Логистика және басқару», «Көліктік инженерия» және «Автоматтандыру және Телекоммуникациялар» институттарының 2 және 3 курс бакалавриат студенттері арасында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде оқуға конкурс жариялайды.

ҚР республикалық бюджеті шеңберінде* 2023-24 оқу жылының күзгі семестрінде Еуропаға оқуға 4 орын (бір семестр) бөлінді.

Авиабилет, тұру, виза және медициналық сақтандыруға байланысты шығыстар бекітілген смета шеңберінде ҚР ҒЖМ есебінен төленеді.

– Қатысу шарттары:

  • тілдік дайындықтың жоғары деңгейі-шет тілін білу деңгейі (ағылшын тілі) В1 (intermediate) төмен емес;
  • жоғары оқу үлгерімі (min GPA 3.3);
  • ALT қоғамдық өміріне белсенді қатысуы.

– Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Топтың эдвайзері, институт директоры қол қойған білім алушының сауалнамасы (сауалнама сілтеме бойынша тіркелген);
  • Ағылшын тілін білетіндігін растайтын Сертификат (TOEFL ITP: 530, IELTS: 5.5, TOEFL iBT: 72, TOEIC: 740). Тілдік курстардың сертификаттары да қабылданады;
  • Транскрипт (ағылшын тілінде);
  • ALT-да оқу кезінде алынған дипломдардың, сертификаттардың және грамоталардың көшірмелері;
  • Мотивациялық хат;
  • Төлқұжаттың көшірмесі;
  • Студенттің әлеуметтік жағдайы туралы растайтын құжаттар (Санаттар: 1. көп балалы отбасылардан шыққан балалар; 2. мүгедектік; 3. жетім балалар; 4. ауылдық елді мекеннен шыққан балалар және т. б.).

– Өтінімдері 2023 жылдың 30 мамырына дейін (қоса алғанда) ДППиМС (каб. 2606) өткізу керек.

Приемная комиссия