Select Page

Сіздерді 2022 жылы 14 қазанда Қазақстан, Алматы қаласы, «Логистика және көлік академиясы» АҚ-да өтетін «ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ II ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ» халықаралық форумға қатысуға шақырамыз.

Форумды өткізудің негізгі міндеттері адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру жағдайларын болдырмау үшін тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде қауіпсіздікті және цифрландыруды қамтамасыз ету және алдын алу шараларын әзірлеу болып табылады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Беларусь темір жолы» МБ, «Украинская залызниця» АҚ, «Узбекистон темир йуллари» АҚ, «Қыргыз теміржол» Ұлттық компаниясы» МК, «Қазақстан темір жолы» ҰК » АҚ, Көлік қызметкерлері одағының қатысуы жоспарлануда және ақпараттық технологияларды, конструкторлық бюроларды және өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарын, консалтингтік және жобалық ұйымдарды қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерін өндірушілерді қолдау, білім беру мекемелері, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар қатысады деп жоспарлануда.

Форум барысында мынадай секциялар жұмыс істейді:

  • Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Көлік жүйесін жаңғырту және көлік-логистика және коммуникация саласын цифрлық трансформациялау;
  • Вагондар мен вагон шаруашылығы;
  • Елдің көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлау тұжырымдамасы.

Форум аясында көлік-логистика саласы және Академияда дайындалған зияткерлік меншік өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Көрмеге қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайды. Жол жүру және тұру үшін ақы төлеу форумға қатысушылардың немесе жіберуші Тараптың есебінен жүргізіледі.

Құрметті қатысушылар, жоспарланып отырған іс-шараның маңыздылығын назарға ала отырып, Сіздерден аталған тақырыптардың бірі бойынша баяндамамен осы форумға Сіздің ұйымыңыздың қатысу мәселесін оң шешуіңізді сұраймыз.

file pdf icon ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Халықаралық конгреске қатысу форматы офлайн және онлайн режимдерде көзделген.

Онлайн қатысу үшін төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өту қажет:

  • ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
  • № 1 СЕКЦИЯ (Теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету)
  • №2 СЕКЦИЯ (Көлік жүйесін жаңғырту және көлік-логистика және коммуникация саласын цифрлық трансформациялау)
  • № 3 СЕКЦИЯ (Вагондар мен вагон шаруашылығы)
  • №4 СЕКЦИЯ (Елдің көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлау тұжырымдамасы)

Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысушылар баяндаманы мына адреске жіберуі керек: isc@alt.edu.kz 30.09.2022 дейін.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97,
Логистика және көлік академиясы, каб. 2716.
Тел.: +7 (778) 777 58 35. E-mail: isc@alt.edu.kz

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия