Select Page

Қоғамдық қабылдау-бұл академияның талапкерлермен, оқушылармен, ұжыммен және қоғаммен байланысының қазіргі арнасы.

«Логистика және көлік академиясы» АҚ қоғамдық қабылдау бөлмесі өз құзыреті шегінде өтініш беру процесін жеделдете және жеңілдете отырып, мәселелерді шешеді.

Қабылдау алдын ала жазылусыз онлайн және оффлайн түрде жүзеге асырылады. Жеке қабылдау кезінде азамат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Азаматтар кезектілік тәртібімен шақырылады.

Егер жеке қабылдау барысында азамат көтеретін мәселелерді шешу Академияның құзыретіне кірмейтіні анықталса, азаматқа қайда және қандай тәртіппен жүгіну керектігі түсіндіріледі.

«Логистика және көлік академиясы» АҚ қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс күндері сағат 08.30 – дан 17.30-ға дейін (дүйсенбі-жұма) Алматы қаласы, Шевченко көшесі 97 мекенжайы бойынша жұмыс істейді

Академияның бас оқу корпусы, 1 қабат, каб. 2105.

Приемная комиссия