Select Page

Логистика және Көлік Ккадемиясы 2024 жылғы 3 сәуірде сағат 15:30-да өтетін ҚазҰУ университетімен алдағы бірлескен іс-шара туралы хабарлауға қуанышты. Осы іс-шара аясында Логистика және Көлік Академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары, студенттері қазіргі қоғамның тұрақты дамуының негізгі аспектілері бойынша оқытуға қатыса алады.

Біздің ҚазҰУ қонақтары: профессор Т. А. Базарбаев пен Г. Б. Танабекова (PhD) тұрақты даму саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Біз барлық мүдделі адамдарды болашақ ұрпақты қалыптастыруға және қоғамның дамуы үшін қолайлы орта құруға бағытталған осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Сіздерді 3 сәуірде сағат 15:30-да (2702) Логистика және Көлік Академиясында күтеміз!

Приемная комиссия