Select Page
  1. Күндізгі оқу бөлімі бойынша білім алушылардың ауысу және қайтадан келу туралы өтініштерін Академия басшылығы жазғы каникул кезінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін бес күн ішінде қарайды.
  1. Жоғары оқу орындарының студенттері оқудан шығарылғаннан кейін, егер олар жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін аяқтаған болса, оқуға ауыстырылуы немесе қалпына келтірілуі мүмкін.
  1. Академияға басқа ЖОО-нан студенттерді ауыстыру және қайтадан келу кезінде барлық кезең үшін ең төменгі GRA ағымдағы оқу жылына Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген деңгейден төмен болмауы керек:

– бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,2;
3) 3-ші курстан 4-ші курсқа – 1,4;

– техникалық және кәсіптік білім беру негізінде бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;

– жоғары білім негізінде бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,5;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;

– техникалық және кәсіптік білім беру базасында ҚББT пайдалана отырып бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;

– жоғары білім негізінде ҚББT пайдалана отырып бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;

– магистратурада: курстан курсқа – 1,65;
– докторантурада: курстан курсқа – 2,33.

  1. Білім алушыны Академияға шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайтадан келтіру кезінде игерілген оқу бағдарламалары (академиялық аттестат немесе транскрипт), сондай-ақ білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімі арқылы жүзеге асырылады.
  1. Білім грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-дан ауысу үшін жіберуші ЖОО-ның курстан ағымдағы жылдың курсына ауыстыру туралы бұйрық, университет басшылығының мөрімен қол қойылған өтініші, белгіленген шекті баллдан төмен емес балл жинаған ҰБТ немесе КТ сертификатының көшірмесі міндетті түрде болу керек.
  1. Білім алушыларды ауыстыру және қайтадан келтіру кезінде олардың алдыңғы академиялық кезеңдерінде оқыған жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық анықталады.
  1. Пәндер бойынша қарызды/айырмашылықты жою үшін таңдау курсы бойынша әр семестрде ақылы негізде, бір семестрде 10 кредит көлемінде, жазғы семестрде 25 кредитке дейін қосымша тіркелуге рұқсат етіледі.
  1. Оқу жылы (курс) игерілген пәндерді, пререквизиттерді ескере отырып белгіленеді. Ауыстыру және қайтадан келтіру, егер оқу жоспарларындағы айырмашылық 30 (отыз) ECTS кредитінен аспаса және олардың орташа академиялық баллға (GRA) қол жеткізуі 3 тармақта белгіленгеннен төмен болмаса, сол курс (оқу жылы) бойынша жүзеге асырылады.
  1. Соңғы курсқа ауыстыру және қайтадан келтіру үшін академиялық айырмашылық 10 кредиттен аспауы керек.
  1. Студент оқудан шығарудың ескіру мерзіміне қарамастан, 2-тармақтың талаптарын ескере отырып, қайта келтірілуге ​​құқылы.
  1. Қайтадан келтіру тек ақылы бөлімде жүзеге асырылады. 

Білім беру бағыттары бойынша жауапты тұлғалардың контактілері:

«Электртехника және автоматтандыру», «Электртехника және энергетика», «Байланыс және коммуникациялық технологиялар» оқу бағдарламаларының топтары бойынша

8-707-961-22-00 – Айгерим Ділдәбекқызы (директор орынбасары),
8-705-727-24-42 – Жансулу Сарсембековна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);

«Көлік құралдары», «Магистральдық желілер және инфрақұрылым», «Көлік объектілері», «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және құрылыс» оқу бағдарламалары топтары бойынша

8-707-595-52-51 – Гульжамал Уйезбековна (директор орынбасары),
8-705-727-24-42 – Айдана Кайратовна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);

«Көлік қызметі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша

8-701-741-41-82 – Салтанат Ергазиевна (директор орынбасары),
8-747-715-29-41 – Калдыгуль Кадырбековна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);

Білім беру бағдарламаларының кез келген тобының қашықтықтан технологиялары бойынша

8-707-205-01-03 – Шамиль Аскарович (директор орынбасары),
8-701-610-08-38 – Ляззат Хайдаровна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);

Білім беру бағдарламаларының кез келген тобының жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалары үшін

8-707-863-31-46 – Айтолкын Шалкарбековна (маман).

Приемная комиссия