Select Page

7-8 сәуір 2022 ж., Алматы, Қазақстан

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2022 жылғы 7-8 сәуірде Логистика және көлік академиясының базасында өтетін «Үздіксіз білім беру мен индустрияны интеграциялаудың заманауи көзқарастары» көліктік-коммуникациялық және техникалық колледждердің халықаралық Форум жұмысына қатысуға шақырамыз.

Форумды өткізу мақсатын ескере отырып, техникалық білім беруді жаңғырту ТжКБ мекемелері басшыларының, уәкілетті органның, бизнес және индустрия, кәсіби қауымдастықтар, көлік-логистика және коммуникация салалары заңды тұлғаларының салалық бірлестіктері өкілдерінің өзара іс-қимыл платформасын қамтамасыз ету болып табылады.

Форум тақырыбы сұранысқа ие кадрларды жоспарлау және даярлауға байланысты мәселелерге бағытталған, атап айтқанда:

– жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық білім беруді жаңғыртуға;

– академиялық еркіндік қағидаттары шеңберінде кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жақсарту және стейкхолдерлермен тығыз ынтымақтастық орнату.

Форум аясында колледждердің академиялық еркіндігі, жұмыс берушілермен стратегиялық әріптестік, колледждерге қамқорлық жасау, дуальді оқыту, қолданбалы бакалавриат, WorldSkills халықаралық қозғалысын дамыту, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру және біріздендіру мәселелері және техникалық бейіндегі үздіксіз білім берудің көптеген басқа да өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді.

Қатысу үшін сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет.

Қатысушылар баяндамаларын мына электронды адреске  жіберуі тиіс  forum_2022@alt.edu.kz

Баяндамаларды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 5 сәуірге дейін ұзартылды.

Байланыс телефондары:

Мелдешов Амангелді Әбдіхалықұлы, 8 702 212 0116,
Байтулакова Алтынгуль Несипкамитовна, 8 700 997 0539

Барлық  қатысушыларға шын жүректен қуаныштымыз!

file pdf icon Форум бағдарламасы

Приемная комиссия