Select Page

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті Президент-ректорының гранттары

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ Президент-Ректор-Басқарма Төрағасының гранты (бұдан әрі – ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты) осы Ережеге сәйкес белгіленеді.

1.2 Осы Ереже тиісті қабылдау жылының үміткерлеріне қолданылады және мыналарға бағытталған:

1) Университет студенттерінің әртүрлі санаттарын әлеуметтік қорғау шараларының жүйесін енгізу;

2) ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен, бірақ мемлекеттік грант конкурсынан өтпей қалған талапкерлерге қолдау көрсету.

3) М.Тынышпаев атындағы мектеп түлектеріне қолдау көрсету.

1.3 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты – оқу пәндерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында белгіленген мөлшерде таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға төлеуге арналған Университет бюджетінен қаражаттың нысаналы сомасы. ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты қосымша және қайталанатын пәндер бойынша шығындарды және оқу пәндеріндегі айырмашылықтарды жоюды қамтымайды. ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты мерзімі 2.4, 2.6, 2.7 және 2.9 (келісімшартқа байланысты) тараудан басқасына – 1 жыл.

1.4 Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттары бар және ҰБТ-ның жоғары нәтижелері 50 балдан кем емес, мемлекеттік грантқа конкурстан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР  грантын алуға өтініш бере алады.

1.5 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грант иегерлерінен басқа оқу орнына ауысқан кезде немесе ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты иегерлері әртүрлі себептермен Университеттен шығарылған кезде, Университет инфляция индексіне сәйкес ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грант иегерлерінен шығындарды қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.

1.6 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантының жалпы сомасы келесідей бөлінеді:

1) халықтың әлеуметтік осал топтарының өтініш берушілеріне қолдау көрсету – 4 бірлік;

2) ҰБТ нәтижесі жоғары бола тұра, мемлекеттік грантқа конкурстан өтпеген, 90 балдан кем емес үміткерлерді қолдау – 3 бірлік;

3) Университеттің 4 БББ тобын таңдай отырып, бейіндік пәндері физика-математика, ҰБТ нәтижесі 50 балдан кем емес мемлекеттік грантты тағайындау конкурсынан өтпеген, талапкерлерге қолдау көрсету – гранттар іс жүзінде ҚК отырысының хаттамасына сәйкес айқындалады;

4) «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-мен серіктестік шеңберінде келісімшарт жасасқан білім беру орталықтарына – 59 бірлік;

5) Республикалық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша;

6) ALT Университеті ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша – 20 бірлік;

7) «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлеріне;

8) төмендегі мектеп түлектеріне:

  • Жетісу облысы, Сарқанд ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан М.Тынышпаев атындағы мектеп – 1 бірлік;
  • Түркістан облысы, Арыс қаласы, Екпінді (Қызыл көпір) ауылында орналасқан М.Тынышпаев атындағы мектеп – 1 бірлік;

9) міндетті әскери қызметті өткерген азаматтарға.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының өтініш берушілеріне қолдау көрсету

2.1.1 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантын тағайындау конкурсына қатысуға азаматтардың келесі санаттарына жататын үміткерлер жіберіледі:

1) жетім балалар;

2) I немесе II топтағы мүгедек балалар; ата-анасының біреуі немесе екеуі де I және/немесе II топтағы мүгедектер болып табылатын балалар; егер студенттің отбасында I немесе II топтағы басқа мүгедек балалар болса;

3) көп балалы отбасылардан шыққан балалар (18 жасқа толмаған төрт және одан да көп бала);

4) толық емес отбасылардан шыққан балалар (ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік, жалғыз басты ана);

5) материалдық жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балалары (растайтын құжаттарымен).

2.1.2 Конкурсты өткізу кезінде басымдықтар жоғарыда көрсетілген тәртіппен белгіленеді.

2.1.3 Көрсетілген санаттағы азаматтардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда гранттар ҰБТ сертификатының балы жоғары тұлғаларға беріледі.

2.1.4 Конкурсқа қатысушылар қабылдау комиссиясына жұмыс барысында келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

 

Кесте 1

Азаматтар санаты

Құжаттар

1

2

3

1

I немесе II топтағы мүгедек балалар; ата-анасының біреуі немесе екеуі де I және/немесе II топтағы мүгедектер болып табылатын балалар; егер студенттің отбасында I немесе II топтағы басқа мүгедек балалар болса

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— туу туралы куәліктің көшірмесі;

— мүгедек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

— туған інілері мен апа-сіңлілерінің мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

— мүгедек балалардың ата-аналары мен балаларының жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса);

— ата-анасының немесе балаларының мүгедектігі туралы анықтаманың (кітаптың) көшірмесі;

— ата-анасының зейнетақы куәлігінің көшірмесі .

2

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— туу туралы куәліктің көшірмесі;

— жеке куәліктердің көшірмесі;

— ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

— ата-ана құқығынан айыру, ата-анасын хабарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

— қорғаншылық туралы әкімдіктің шешімі.

3

көп балалы отбасы балалары (18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп бала)

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— барлық балалардың туу туралы куәлігі;

— ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар;

— көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алушының анықтамасы (бар болса).

4

толық емес отбасылардан шыққан балалар (ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік, жалғыз басты ана)

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— туу туралы куәліктің көшірмесі;

— ата-анасының біреуінің некені бұзу/қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі;

Егер баланы ата-анасының біреуі тәрбиелеген болса, бірақ туу туралы куәлікте ата-анасының екеуінің де жазбасы болса, онда некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманы (E-gov/АХАЖ/Әділет басқармасынан анықтама) ұсыну қажет.

5

материалдық жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балалары (растайтын құжаттарымен)

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— АӘК жәрдемақысын алушы ретінде жергілікті билік органдарынан анықтама.

 

ҰБТ нәтижесі жоғары бола тұра, мемлекеттік грантқа конкурстан өтпеген, 90 балдан кем емес үміткерлерді қолдау

2.2.1 2025 жылғы мамыр, маусымда өткізілген ҰБТ 90 балл және оданда жоғары сертификаты бар үміткерлер ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберіледі. Аттестаттың орташа балы жоғары үміткерлер ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантын алуға басым құқыққа ие.

2.2.2 Конкурсқа қатысушылар қабылдау комиссиясына жұмыс барысында ҰБТ сертификаты мен аттестатын қоса бере отырып, өтініш береді.

2.2.3 Осы санатқа қатысу үшін ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантына үміткерлер оқу ақысының 30 пайызын төлеуге міндетті. ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантын алған жағдайда оқу ақысының 30 пайызы келесі оқу курсын төлеуге жұмсалады.

2.2.4 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты конкурстық негізде нақты білім беру бағдарламалары бойынша өтініш негізінде, тіл бөлімшелеріне ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантын бере отырып, ЖОО-ға қабылдау ережелеріне сәйкес ҰБТ нәтижелері бойынша сертификат балдарына сәйкес беріледі.

2.2.5 Студент келесі жағдайларда ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан айырылады:

1) емтихандық сессияның (аралық бақылау) нәтижелері бойынша «0»-ден «69» балға дейінгі бағалары бар және/немесе академиялық қарызы бар;

2) басқа оқу орнына ауысқан кезде немесе ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты иегерлері әртүрлі себептермен Университеттен шығарылған кезде.

Университет инфляция индексіне сәйкес оқу бағдарламасын аяқтамаған ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грант иегерлерінен шығындарды қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.

2.2.6 Академиялық демалыс берілген кезде студенттер ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты негізінде оқу құқығын сақтайды.

2.2.7 Егер иеленуші ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан бас тартса, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантының күші жойылады және босатылған ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты қайта бөлуге жатпайды.

2.2.8 Емтихан сессиясының нәтижелері (аралық бақылау) бойынша кем дегенде бір пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алынса, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты иегері институт директорының тиісті ұсынысы бойынша гранттан айырылады.

Университеттің 4 БББ таңдай отырып, бейіндік пәндері физика-математика, ҰБТ нәтижесі 50 балдан кем емес мемлекеттік грантты тағайындау конкурсынан өтпеген, талапкерлерге қолдау көрсету

2.3.1 Байқау Университеттің 4 БББ таңдай отырып, бейіндік пәндері физика-математика, ҰБТ нәтижесі 50 балдан кем емес мемлекеттік грантты тағайындау конкурсынан өтпеген, талапкерлердің қатысуымен өткізіледі.

2.3.2 Конкурсты өткізу уақыты қосымша кестемен белгіленеді. Конкурс қорытындысы ҚК отырысының хаттамасына сәйкес айқындалады; хаттама ұсынуы негізінде ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты тағайындалады.

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-мен серіктестік шеңберінде келісімшарт жасасқан білім беру орталықтарына

2.4.1 ТОО «JOO ANALYTICS», ТОО «125 Brand», ТОО «Development centre i-Q», ТОО «UNIDEM», ТОО «Білім Consulting», ТОО «EDUKEY», ТОО «MIA Kazakhstan», ТОО «FOCUS ACADEMY», ИП «OkBolashak», ТОО «EDT Group», ТОО «KursAnt Bilim Group», ТОО «TED COMPANY», ТОО «SURET DESIGN» Университетке Конкурс нәтижелерін есептеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде білім беру қызметтеріне кейіннен шарттар жасасу мақсатында Жеңімпаздарды таңдау негіздемесін ұсынады.

2.4.2 Конкурсқа қатысушылардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдында Конкурстың өткізілуі мен нәтижелері үшін, сондай-ақ Конкурсқа қатысушылар немесе үшінші тұлғалар мен аталған білім беру орталықтары арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда дербес жауапты болады. Университетті тартпай-ақ Конкурстан туындайтын барлық жанжалдарды дербес шешуге міндеттенеді.

2.4.3 Университет жеңімпаздармен немесе олардың заңды өкілдерімен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттарды, студенттерге ай сайынғы шәкіртақысыз 3 (үш) жыл және В073 «Сәулет» БББ 5 (бес) жыл мерзімге ақысыз негізде білім беру қызметтерін көрсету шартын жасайды.

2.4.4. Егер әрбір семестр (триместр) аяқталғаннан кейін емтихан сессиясының нәтижелері (аралық бақылау) бойынша кем дегенде бір пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алынса, білім беру орталықтарымен серіктестік шеңберінде иеленген ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантының иегері, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан институт директорының тиісті ұсынысы бойынша гранттан айырылады.

Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша

2.5.1 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты ағымдағы оқу жылы, яғни 2025 жылы өткен республикалық және пәндік олимпиадалардың мемлекеттік грантқа ALT Университетінің БББ белгілей отырып (физика-математика 4 БББ, география-математика 4 БББ және информатика-математика бірінші) ие бола алмаған жеңімпаздарына беріледі.

2.5.2. Егер әрбір триместр аяқталғаннан кейін емтихан сессиясының нәтижелері бойынша кем дегенде бір пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алынса, олимпиада жеңімпазы негізінде ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантының иегері, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан институт директорының тиісті ұсынысы бойынша гранттан айырылады.

ALT Университеті ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша

2.6.1 Конкурс қабылдаудың алдындағы күнтізбелік жылы өткен пәндік (бейінді) олимпиадалардың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

2.6.2 Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібін маркетинг бөлімі анықтайды және Университеттің Президент-Ректоры бекітеді.

2.6.3 Конкурсты өткізу уақыты қосымша кестемен белгіленеді.

2.6.4 Конкурс қорытындысы бойынша маркетинг бөлімінің хаттама ұсынуы негізінде ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты тағайындалады.

2.6.5 Грант беру мерзімі – 3 жыл.

«Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлеріне

2.7.1 ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты мемлекеттік грантқа ALT Университетінің (физика-математика 4 БББ, география-математика 4 БББ және информатика-математика бірінші) БББ таңдай отырып, өтпеген жағдайда «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлеріне беріледі.

2.7.2 Университет төсбелгі иегерлерімен немесе олардың заңды өкілдерімен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттарды, студенттерге ай сайынғы шәкіртақысыз барлық оқу мерзіміне ақысыз негізде білім беру қызметтерін көрсету шартын жасайды.

2.7.3 Егер әрбір семестр (триместр) аяқталғаннан кейін емтихан сессиясының нәтижелері бойынша кем дегенде бір пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алынса, төсбелгі иегері негізінде ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантының иегері, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан институт директорының тиісті ұсынысы бойынша гранттан айырылады.

М.Тынышпаев атындағы мектеп түлектеріне

2.8.1 Конкурсқа қатысушылар қабылдау комиссиясына жұмыс барысында аттестат қосымшамен, физика-математика бейіндік пәні бойынша ҰБТ сертификаты, аталған мектеп директорларының мінездемесін және өтініш береді.

2.8.2 Осы санатқа қатысу үшін ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантына үміткерлер оқу ақысының 30 пайызын төлеуге міндетті. ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантын алған жағдайда оқу ақысының 30 пайызы келесі оқу курсын төлеуге жұмсалады.

2.8.3 Көрсетілген санаттағы азаматтардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда гранттар ҰБТ сертификатының балы және аттестаттың орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.

2.8.4 Конкурсты өткізу уақыты қосымша кестемен белгіленеді.

2.8.5 Конкурс қорытындысы бойынша қабылдау комиссиясының отырысының шешімі негізінде ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты тағайындалады, хаттамамен толтырылады.

2.8.6 Студент келесі жағдайларда ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан айырылады:

1) емтихан сессияның нәтижелері (аралық бақылау) бойынша «0»-ден «69» балға дейінгі бағалары бар және/немесе академиялық қарызы бар;

2) басқа оқу орнына ауысқан кезде немесе ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты иегерлері әртүрлі себептермен Университеттен шығарылған кезде.

Университет инфляция индексіне сәйкес оқу бағдарламасын аяқтамаған ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грант иегерлерінен шығындарды қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.

2.8.7 Академиялық демалыс берілген кезде студенттер ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты негізінде оқу құқығын сақтайды.

2.8.8 Егер иеленуші ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантынан бас тартса, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР грантының күші жойылады және босатылған ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты қайта бөлуге жатпайды.

2.8.9 Емтихан сессиясының нәтижелері (аралық бақылау) бойынша кем дегенде бір пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алынса, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты иегері институт директорының тиісті ұсынысы бойынша гранттан айырылады.

Міндетті әскери қызметті өткерген азаматтарға

2.9.1 Міндетті әскери қызметті өткерген жалпы орта білімі бар азаматтарды, қабылдау комиссиясы жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша, міндетті әскери қызметті өткергеннен кейін екі жыл ішінде оқуға қабылданып, ПРЕЗИДЕНТ-РЕКТОР гранты беріледі.

2.9.2 Грант беру мерзімі – барлық оқу жылы.

Жеңілдіктер

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереже күндізгі оқу нысанына түсетін талапкерлерге, сондай-ақ «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетіне» (әрі қарай «ALT университеті» немесе «Университет») келісім шарт негізінде оқитын магистранттар мен докторанттарға оқу үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер берудің негіздерін, тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Осы Ереже жыл сайын оқу жылының басында Президент-Ректор-Басқарма Төрағасы бекітетін ALT УНИВЕРСИТЕТІНЕ түсетін күндізгі оқу нысанының студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі Ережеге қосымша құжат болып табылмайды.

ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ

 

Сипаттамасы Жеңілдік мерзімі Жеңілдік, %
1 2 3

1. ҰБТ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША

1 курс Қысқартылған бағдарлама бойынша
140 баллдан 60-69 балл 70 баллдан 25-29 балл Оқудың бірінші жылы 5%
140 баллдан 70-74 балл 70 баллдан 30-34 балл Оқудың бірінші жылы 10%
140 баллдан 75-79 балл 70 баллдан 35-39 балл Оқудың бірінші жылы 15%
140 баллдан 80-94 балл 70 баллдан 40-44 балл Оқудың бірінші жылы 30%
140 баллдан 95-104 балл 70 баллдан 45-50 балл Оқудың бірінші жылы 40%
140 баллдан 105-115 балл 70 баллдан 51-54 балл Оқудың бірінші жылы 50%
140 балдан 115-119 балл 70 баллдан 55-59 балл Оқудың бірінші жылы 70%
140 балдан 120 балл және одан жоғары   70 баллдан 60 және одан жоғары балл Оқудың бірінші жылы 100%

2. КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІЛЕРГЕ

ALT Университетінің колледждерінің түлектер үшін Оқудың барлық кезеңі 30      %
ҚР колледждерінің қысқартылған оқу түріне түсетін түлектер үшін Оқудың барлық кезеңі 25       %

3. АРНАЙЫ САНАТТАР БОЙЫНША (ҚОСЫМША ЖЕҢІЛДІКТЕР)

Төменде көрсетілген саланың қызметкерлерінің балаларына (ҚР көлік саласы, темір жолдар, әуе, теңіз және өзен жолдары, автожолдар)

«Қазақстан Темір жолы «ҰК»АҚ, «КазАвтоЖол «ҰК»АҚ қызметкерлеріне

Оқудың бірінші жылы 20%
4. БАКАЛАВРИАТ БӨЛІМІНЕ ТҮСУШІ УНИВЕРСТИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА

Университет, Университет колледжі, ALT мектеп-лицей қызметкерлері және қызметкерлердің балалары үшін

 

Университетте, Университет колледждерінің құрылымында және мектеп-лицейінде жұмыс істеу кезеңінде 50%
Ескертпе: жұмыс беруші мен қызметкер (ата-ана) арасында Еңбек шарт бұзылған жағдайда, жеңілдік алған тұлға, еңбек шарты бұзылған күннен бастап оқудың ақысын  толық көлемде төлеуге міндетті
5. ҮМІТКЕР МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ БАРЫСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫН ТАҢДАҒАН ЖАҒДАЙДА
География-математика бейіндік пәндерімен, ALT Университетінің 4 БББ таңдай отырып, мемлекеттік грантқа конкурстан өтпеген, 50 балдан кем емес ҰБТ нәтижесі бар үміткерлерді қолдау Оқудың бірінші жылы 30 %
Информатика-математика бейіндік пәндерімен, ALT Университетінің БББ бірін алғаш қатарда таңдай отырып, мемлекеттік грантқа конкурстан өтпеген, 50 балдан кем емес ҰБТ нәтижесі бар үміткерлерді қолдау Оқудың бірінші жылы 50%
6. МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН
ALT Университетінің бакалавриат түлектері үшін Оқудың барлық кезеңі 25 %
ALT Университетінің колледжінің және ALT Университетінің штаттық қызметкерлері үшін (магистратураны бітіргеннен кейін ALT Университетінде 1 жыл жұмыс істеуге келіскен жағдайда) Оқудың барлық кезеңі 25 %
7. ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН
Университеттің штаттық қызметкерлері мен  Университеттің еншілес ұйымдарының қызметкерлері  үшін, докторантураны бітіргеннен кейін 3 жыл жұмыс істеуге келіскен жағдайда (шетелдік ғылыми тағылымдама докторанттың жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылады) Оқудың барлық кезеңі 50 %
8. ОҚУ АҚЫСЫН ТОЛЫҚ ТӨЛЕГЕН КЕЗДЕ
 2025-2026 оқу жылына толық алдын ала төлем жасағанда Оқу жылына 10%
 2025-2026 оқу жылының 1 семестріне толық алдын ала төлем жасағанда Оқу жылына 5%

 Құжаттарды тапсыру мерзімі: ағымдағы оқу жылының 25 тамызына дейін.

Қажетті құжаттар:

Тиісті жеңілдікке үміткер Университеттің қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды тапсырады:

  • Президент-Ректор-Басқарма Төраға атына белгіленген үлгідегі өтініш;
  • ҚК жауапты хатшысының қолымен және мөрімен куәландырылған аттестат немесе диплом көшірмесі;
  • ата-ананың жұмыс орнын растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
  • жұмыс орнынан анықтама (қызметкерлер үшін);
  • Университетті аяқтағаннан кейін магистратура 1 жыл және докторантура 3 жыл жұмыс істеуге келіскен міндеттеме;
  • төлем түбіртегінің көшірмесі.
ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ ТӘРТІБІ

Өтініш берген тұлғалар жеке әңгімелесуге шақырылуы мүмкін.

Жеңілдіктер беру туралы бұйрықтың көшірмесі өтінішпен және оған қоса берілген құжаттармен бірге студенттің жеке ісінде сақталады.

Қабылданған шешім туралы (жеңілдік беру немесе оны беруден бас тарту) өтініш беруші тиісті институт арқылы хабардар етіледі.

Заң департаменті жеңілдік беру туралы бұйрықтың негізінде екі данада шартқа қосымша келісім ресімдейді. Бір данасы студентке беріледі, ал екіншісі студенттің жеке ісінде сақталады. Қосымша келісімнің көшірмесін бухгалтерияға береді.

Жеңілдіктер иегерлерін басқа оқу орнына ауыстырған кезде немесе түрлі себептер бойынша Университеттен шығарған кезде университет инфляция индексіне сәйкес оқу бағдарламасын орындамаған жеңілдіктер иегерлерінен шығыстарды алып қою құқығын өзіне қалдырады.

Білім алушы мынадай жағдайларда жеңілдіктен айырылуы мүмкін:

  • сессия қорытындысы бойынша үлгерімнің төмендеуі (орташа балдан төмен 2.33);
  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін бұзу.
ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ, КЕЛІСУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТӘРТІБІ

Осы Ережеде көзделген жеңілдіктерді беру туралы бұйрықты қабылдау комиссиясы енгізеді. Бұйрық қатысты бөлімшелермен келісіледі.

Бұйрық көшірмесінің бір данасы бухгалтерияға, екіншісі-маркетинг департаментіне беріледі.

Skip to content
Приемная комиссия