Select Page

Ректор блогы

Құрметті достар!

 

Кез-келген адамның жарқын болашағы жоғары оқу орнын дұрыс таңдаудан басталады. Себебі, бұл таңдау жауапты әрі күрделі таңдау болып табылады, өйткені жас адамның алдағы өмірі оның алып жатқан білімі арқылы айкындалады.

Сапалы жоғары білім мен қажетті мамандықты меңгеру – адамның сенімді де бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына және мансаптық өрлеу мен жоғары табыс табуына мүмкіндік береді. Логистика және көлік академиясының оқу процесі – теміржол, автокөлік, электр көлігі индустриясы және метрополитен қызметімен тікелей байланысты. Сондай-ақ біздің оқу орны телекоммуникация мамандарын да дайындайды.

Бүгінде ЛжК–ны бітірген мамандар «Қазақстан теміржолы» ҰК»АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазавтожол»ҰК»АҚ, «KEGOC» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік Одағы және т.б.ұлттық компанияларда жұмыс жасай алады.

Осындай тұрақты даму үстіндегі өндірістік орындар – барлық уақытта кәсіпқой мамандарға мұқтаж. Сондықтан да, қазіргі уақытта Академиямыз – осындай ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін бірден-бір оқу орны болып табылады. Жұмыс орындарынан үміткер бүгінгі студенттер– технологиялық дамуды ілгерілететін және еліміздің индустриялық дамуының кепілі бола алатын ертеңгі мамандар! Сіздердің әрқайсыларыңыз білікті де білімді маман бола аласыздар!

Логистика және көлік академиясы – Сіз өз болашағыңызды батыл сеніп тапсыруға болатын оқу орны. Бүгін, Сіздер болашақты біздің көмегімізбен кұруға мүмкіндік аласыз, ал ертең өсіп келе жаткан ұрпаққа кәсіби біліміңізді және тәжірибеңізді сеніп тапсырасыз.

Бізден алған біліміңізбен Сіз міндетті түрде индустриялық қоғамда лайықты орныңызды табасыз!

Ректорға сұрақ

6 + 14 =

Сондай-ақ, егер сіз пара алу немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністерінің бопсалау фактілеріне тап болсаңыз, сондай-ақ бұл мәселеге бей -жай қарамасаңыз, келесі сенім телефонына хабарласа аласыз:
+7 777 970 2255, сонымен қатар WhatsApp мессенджері мен Telegram арқылы !!! Анонимділікке кепілдік беріледі !!!

Приемная комиссия