Select Page

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті жанындағы «Көлік қызметтері», «Инженерия және инженерлік Іс» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (РОӘК ОӘБ)

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінің базасында Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (РОӘК ОӘБ) – бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру, білім беру сапасын және дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогикалық, ғылыми және академиялық қызметкерлердің, жұмыс берушілер өкілдерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші жұмыс органы.

ALT Университеті жанындағы РОӘК ОӘБ құрамына кадрларды даярлаудың келесі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік секциялар кіреді:

1) 071 Инженерия және инженерлік Іс:

  • B065 — Көлік техникасы және технологиялары;
  • M104 — Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
  • D104 — Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
  • B165 — Магистральдық желілер және инфрақұрылым;
  • M210 — Магистральдық желілер және инфрақұрылым;
  • D210 — Магистральдық желілер және инфрақұрылым;
  • B166 — Көлік құрылыстары;
  • M310 — Көлік құрылыстары;
  • D310 — Көлік құрылыстары;
  • В265 – Теміржол көлігі және технологиялар.

2) 113 Көлік қызметтері:

B095 — Көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Логистика (салалар бойынша));

  • M151 — Көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану);
  • D147 — Көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану);
  • M152 — Логистика (салалар бойынша);
  • D148 — Логистика (салалар бойынша).

ОӘБ құрамына кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жақын және алыс шетелдердің өкілдері, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер қауымдастықтарының және басқа да мүдделі органдардың өкілдері, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер кіреді.

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті
жанындағы РОӘК ОӘБ құрамы

Атаулары

Қазақстан Республикасы ЖОО — ы

1

Азаматтық авиация академиясы

2

Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

3

Алматы Менеджмент Университет

4

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

5

С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті

6

Баишев Университеті

7

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

8

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

9

Еуразия технологиялық университеті

10

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

11

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

12

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

13

Инновациялық Еуразия университеті

14

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

15

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

16

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

17

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті

18

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

19

Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті

20

Қазақстан-Неміс университеті

21

Қарағанды индустриалды университеті

22

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

23

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

24

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

25

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

26

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

27

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

28

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті

29

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті

30

З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

31

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

32

Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті

33

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

34

Торайғыров Университеті

35

Шәкәрім атындағы Университет

36

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

37

«Тұран» Университеті

38

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шетелдік ЖОО

1

Бухарест политехникалық университеті, Румыния

2

Қиыр Шығыс Мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ДВГУПС), Ресей, Хабаровск

3

М.Т. Калашников атындағы Ижевск мемлекеттік техникалық университеті, Ресей, Ижевск

4

Корея ұлттық көлік университеті (KNUT), Корея

5

Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ), Ресей, Мәскеу

6

 «Днепр политехникасы» Ұлттық техникалық университеті, Украина, Днепропетровск

7

Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ОмГУПС), Ресей, Омск

8

Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СПГУПС), Ресей, Санкт-Петербург

9

Рига техникалық университеті, Латвия, Рига

10

Ресей көлік университеті РУТ (МИИТ), Ресей, Мәскеу

11

Ангел Кынчев атындағы Русен университеті, Болгария

12

Силез технология университеті, Польша

13

Крайова Университеті, Румыния

Жұмыс берушілер

1

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ

2

«ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы»

3

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ «БП Алматы бөлімшесі» филиалы

4

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ «БП Шымкент бөлімшесі» филиалы

5

Транскаспий халықаралық маршрут қауымдастықтары

6

«KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы

7

Қазақстан вагон тасымалдаушылары мен операторларының қауымдастығы

8

Көлік және логистика бойынша серіктестік қауымдастығы Орталық Азия, БҰҰ ЕЭК

9

«ҚР ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаушылардың Ұлттық қауымдастығы» дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі

10

«MEGA MOTORS» ЖШС

11

«ТрансКом» ЖШС

12

Конструкторлық-эксперименттік орталық, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Алматы филиалы

13

«Метрополитен» КМК, Алматы

14

«Қамқорвагон» «ЖШС Алматы — 1 станциясының ШҚМ» филиалы

15

ТОО «Электровозостроительный завод», Астана

16

«Проммашкомплект» ЖШС

17

«Шыңғар Транс» ЖШС

18

«Локомотив құрылысы зауыты» АҚ, Астана

19

«Вагон шаруашылығы мамандарының қауымдастығы» ЖШС, Алматы

20

Global network logistics ЖШС

РОӘК ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйелерін жетілдіру мақсатында ЖЖОКБҰ, жұмыс берушілер қауымдастықтары және өзге де мүдделі органдар өкілдерінің өзара іс-қимылын жүзеге асыру.
  2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау.
  3. Салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп Кәсіби стандарттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу.
  4. Ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту нәтижелерін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  5. Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және үздіксіз білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ұсынымдар дайындау.
  6. Оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  7. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу.
  8. ЖЖОКБҰ-да профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыруға қатысу.
  9. Ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
  10. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы бұйрығына сәйкес ЖЖОКБҰ-ның білім беру бағдарламаларына іске асырудың пайдалану параметрлерін (кадрлық, әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету) ескере отырып мониторинг жүргізу, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімінен білім беру бағдарламаларын қосу немесе алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу № 106 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздері» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 бойынша тіркелген).
  11. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша РОӘК грифімен оқу басылымдарының тақырыптық жоспарларын қалыптастыру.
  12. РОӘК грифін беруге ұсынылған оқу басылымдарына сараптама, рецензия жүргізу.
  13. ЖЖОКБҰ оқу процесінде оларды жариялау және пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін жаппай онлайн ашық курстарға сараптама жүргізу.
  14. Ұлттық бірыңғай тестілеудің, талапкерлерді кешенді тестілеудің бейіндік пәндерін айқындау бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
  15. Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ — да Инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша ұсынымдар дайындау.
  16. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін құру бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жүргізу және жалпылау.
  17. Оқу-әдістемелік семинарлар, тренингтер, вебинарлар, мастер-кластар, конференциялар өткізу.
  18. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша жыл сайынғы ұсынымдарды орындау кезінде ЖЖОКБҰ-ны қарауға қатысу және оларға жәрдемдесу.
  19. ЖЖОКБҰ білім беру қызметіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті интеграциялау процестерін басқару тетіктерін жетілдіру, инновациялық дамуға және ЖИ базасында шешімдерді енгізуге ықпал ететін экожүйені қалыптастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  20. Дуальды оқыту жүйесін қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру процесінде ЖЖОКБҰ ұсынымдарын қалыптастыру және жәрдемдесу.
Skip to content
Приемная комиссия