Select Page

ЛжКА денсаулық сақтау пункті

Султанов Нурлан Бегалиевич

Жетекші

Султанов Нурлан Бегалиевич – жалпы тәжірибелік дәрігер

Email: nurikplus2008@mail.ru

Қыдыралы Әсел Ықыласқызы

Медбике

Қыдыралы Әсел Ықыласқызы

Email: asel_tk@mail.ru

Алматы қаласы Қалалық студенттер емханасы академияның барлық тіркелген студенттеріне кепілденген тегін түрде ауқымды медициналық көмек көрсетіп отырады.

Бұл мақсат үшін академияның басты оқу ғимаратында денсаулық сақтау пункті ашылған. Денсаулық сақтау пунктінде санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін ем көрсету, байқау және өзге де кабинеттер бар. Академия студенттеріне қызмет көрсету үшін «Қалалық студенттер емханасы» МҚКК жағынан Денсаулық сақтау пункті үшін келесідей құрамдағы штаттағы қызметтік медициналық персонал: денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі, учаскелік терапевт, учаскелік мед бикелер, гинеколог, акушерлер қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау пункті ҚР әлеуметтік дамуы мен денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек Кодексінің нормативтік құжаттарына сәйкес жұмыс атқарады.

Денсаулық сақтау пуктінің негізгі міндеттері:

  • кенеттен келген сырқат кезінде, жарақат, улану кезінде бірінші дәрігерлікке дейінгі көмекті көрсету, науқас пен жарақаттанған студенттерді емхана мен поликлиникаға жібереді, ал қажет болған жағдайда оларды тасымалдауды ұйымдастырумен айналысады;
  • студенттерді медициналық көрсеткіштерге байланысты сабақтар немесе тәжірибелерден оқу күнінің соңына дейін денсаулығының жағдайына орай анықтама беріп, босата алады;
  • науқастану деңгейін түсіру бойынша іс-шараларды дайындау;
  • науқастанудың алдын алу бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (өкпе туберкулезі, ВИЧ-СПИД және т.б.);
  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Денсаулық сақтау пуктінің негізгі міндеттеріне сәйкес келесідей міндеттерді жүзеге асырады:
  • ұзақ мерзім сырқаттанушылар мен жиі сырқаттанушылар контингентін анықтап, есебін анықтайды;
  • дәрігердің нұсқауымен диспансерлік бақылаудағы науқастарды емдеу;
  • диспансерлік науқастарды кезекті медициналық бақылауға баруын, емханаға уақытында баруын қадағалау;
  •  санитарлық-сауаттылық жұмыс жүргізу;
  • денсаулық сақтау пункті және қалалық студенттер емханасы базасында медициналық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • денсаулық сақтау пункті және қалалық студенттер емханасы базасында медициналық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Мүгедектер, жетімдер, өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды есепке алу бойынша ұйымдастыру.

Денсаулық сақтау пункті Шевченко 97 мекен-жайы бойынша №4301 кабинетте, №4 павильонда орналасқан.
Денсаулық сақтау пунктінің жұмыс уақыты академияның жұмыс уақытымен бірдей атқарылады (9.00.-17.00).
Денсаулық сақтау пунктінің телефоны: 260-13-59

Приемная комиссия