Select Page
Тұрлыбек Айым Серікқызы

Жетекші

Тұрлыбек Айым Серікқызы

тел: +7 (707) 463-67-83

1. Жалпы ережелер

1.1 «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы – Академиядағы құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.

1.2 «Саналы ұрпақ» ерікті клубы – Академия өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.

1.3 «Саналы ұрпақ» ерікті клубы – Академия бекіткен ереже негізінде клубтың жетекшісі бастауымен жұмыс атқаратын студенттердің бірлестігі.

1.4 «Саналы ұрпақ» ерікті клубының қызметі осы ереже негізінде жүзеге асырылды.

2. Мақсаттары мен міндеттері

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру;
  • Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
  • Ақпараттық қолдау;
  • Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру;
  • Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру;
  • Студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру.

3. Клуб қызметінің принциптері

  • Еріктілік;
  • Жариялық және ашықтық;
  • Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті;
  • Клуб өмірін ұжымдық түрде ұйымдастыру;
  • Клубтың әр мүшесінің қызығушылығын, арын және пікірін құрметтеу;
  • Әлеуметтік. Қоғамдық-пайдалы маңыздылық.
Приемная комиссия