Select Page

Студенттік үкімет

Қосбай Әлімжан

Студенттік үкімет вице президенті

Қосбай Әлімжан 

Телефон: +7 700 295 3054

Бисенов Мукасан Садыкович

Студенттік үкіметтің президенті

Бисенов Мукасан Садыкович

Телефон: +77761955662

Гадилбеков Бейбит

Студенттік үкімет вице президенті

Гадилбеков Бейбит 

Телефон: +7 7073637292

Студенттік өзін-өзі басқару – ЖОО-ны басқару функцияларын іске асыру бойынша студенттердің дербес қоғамдық қызметін ұйымдастыру нысаны, оны олар айқындайды және студенттік ұжымдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

Студенттік үкіметтің басшысы мынадай алқалы ұйымдардың мүшесі болып табылады: ғылыми кеңес, оқу-әдістемелік кеңес, Әлеуметтік кеңес, білім алушылардың жауапкершілігін қарау жөніндегі тәртіптік кеңес.

Студенттік өзін-өзі басқару жеке тұлғаны өзін-өзі анықтауға, қоғамның әртүрлі салаларында жастар инновацияларының пайда болуына жаңа мүмкіндіктер жасайды. Академия өміріне белсенді қатысуға деген ұмтылысы, ғылыми, мәдени, қоғамдық бастамаларға қолдау көрсету. Академияда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызды жағдайларына бірыңғай білім беру кеңістігін құру жатады.

 

Студенттер Үкіметінің Президенті- студенттер мен Академия әкімшілігі арасындағы көпір. Ол академияның барлық Жастар қауымдастығының мүдделеріне жауап береді, өйткені ол студенттер өкілі болып табылады.

Вице президенттің міндеттері:

  1. Студенттік үкімет президенті болмаған кезде президент қызметін атқару;
  2. үкіметтің жұмысын басқару және ұйымдастыру;
  3. үкімет қызметін жоспарлау, бақылау және дамыту;
  4. үкіметтің қызметін жоспарлауға, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және бекітуге, қызметтің нысаналы көрсеткіштерін және командаларды айқындауға;
  5. үкімет жоспарларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге
  6. сеніп тапсырылған міндеттерді іске асыру үшін қажетті жұмыстардың тізімін жасауға және оларды орындайтын студенттерді анықтауға
Приемная комиссия