Select Page

Кездесу барысында бакалавриаттан бастап докторантураға дейінгі барлық деңгейлерде бірлескен курстар мен білім беру бағдарламаларын құру мүмкіндіктері, сондай – ақ зерттеу жобаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Сондай-ақ университеттер арасында студенттер мен қызметкерлер алмасу идеялары, соның ішінде теміржол көлігі саласындағы оқу бағдарламалары қарастырылды.

Кездесуге жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты:

  1. Логистика және көлік академиясынан:

Амиргалиева Салтанат Нурадиловна – Президент-Ректор;

Балбаев Ғани Құдайбергенұлы – Ғылым және ынтымақтастық жөніндегі проректор;

Жармағамбетова Меруерт Советовна – Оқу ісі жөніндегі проректор;

Иванов Андрей Александрович – Корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор;

Ермолдина Гүлназ Тілеубайқызы – Ғылым және инновациялар департаментінің директоры;

Темірбекова Маржан Нұрланқызы – Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

Бейсахметова Жанна Алматовна – Халықаралық байланыстар жөніндегі офис басшысы;

Қалтаев Айдын Қалдаяқұлы – Бизнес Инкубатор Директоры;

Чигамбаев Темірбай Отарбайұлы – Технопарк Директоры;

Тойгожинова Айнұр Жумақанқызы – «Автоматтандыру және телекоммуникация» институтының директоры;

Әбдірешов Шамиль Асқарұлы – «Көлік инженериясы» институтының директоры;

Мұсаева Гүлмира Серікқызы – «Логистика және басқару» институтының директоры

  1. Chang’an University:

Zhang Wei – Dean of International Education School of Chang’an University;

Yang Wangtun – Deputy Director of Secretariat Office China-Central Asian Talent Training Alliance in the Field of Transportation Infrastructure;

Chen Xi – Director of Chinese Training and Research Center,International Education School of Chang’an University;

Deng Longsheng – Professor,School of Geological Engineering and Geomatics,Chang’an university

Ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық, сондай-ақ магистратураның қос дипломдық бағдарламалары талқыланды. Бірлескен оқу және ғылыми-зерттеу алаңдарын, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, олимпиадаларды, сондай-ақ Foundation бағдарламаларын құру жоспарланды. Студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық қарастырылды. Бірлескен ғылыми шеберхана ашу жоспарланған болатын. Электр энергетикасы, IT, машина жасау, құрылыс, сәулет, логистика, ақпараттық жүйелер, Көлік және жол инженериясы, қауіпсіздік техникасы және цифрлық логистика сияқты әртүрлі салаларда бірлескен білім беру бағдарламалары ұсынылады. Сондай-ақ, бірлескен START UP жобаларына қатысу, қызметкерлер мен студенттерге арналған жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру, сондай-ақ мамандар даярлау үшін оқу-өндірістік база құру жоспарланды.

 

Приемная комиссия