Select Page

2023 жылдың 31 мамырында Логистика және көлік академиясының алдындағы саяси қуғын-сүргін мен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбаны болған Мұхаметжан Тынышпаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Салтанатты шараға Академияның Президент –Ректоры С.Н.Әмірғалиева, акдемиялық қызмет проректоры М.С.Жармағамбетова, корпоративтік және әлеуметтік даму проректоры А.А. Иванов, профессорлық-оқытушылар құрамы, қоғам қайраткерлері, білім алушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қатысушылар тарихтың қасіретті беттерін ұмытпау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай баға төленгенін білу және есте сақтау бүгінгі күннің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Президент – Ректор 1920-1950 жылдардағы Кеңес мемлекетінің тоталитарлық саясатының тарихын зерттеу Қазақстандағы қазіргі тарих ғылымының өзекті бағыттарының бірі екеніне тоқталды.

Приемная комиссия