Select Page

Логистика және көлік академиясындағы «Ғылым және инновация» ғылым айы аясында 2023 жылдың 25 сәуірінде «Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасында 6В11330 – «Көлік логистикасы» білім беру бағдарламасының «Көлік логистикасы» пәні бойынша XV Республикалық пәндік олимпиаданың II туры өтті.

Аталмыш олимпиадаға ҚР әр өңірінен 9 жоғары оқу орнының студенттері қатысты: «Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті» мекемесі, «А.Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университеті», «Алматы менеджмент университеті»,

 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Азаматтық авиация академиясы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Логистика және көлік академиясы.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

  1. Тест тапсырмалары
  2. Кейстік есептер

Байқау комиссиясының мүшелері РСПО жеңімпаздарын анықтады:

І орын – Байғалиқызы Айтолқын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті.

ІІ орын – Сасамбаев Даурен, Логистика және көлік академиясының 3 курс студенті ІІ орын – Рахымжанова Ника Канатовна С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 3 курс студенті

ІІІ орын – Боран Аяна Сәулетқызы, «Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті» 3 курс студенті

ІІІ орын – Штода Алена Константиновна, «Алматы Менеджмент Университеті»

 3 курс студенті

ІІІ орын – Тұрдалы Мерей, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» 3 курс студенті

Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар мен дипломдармен, сондай-ақ олимпиада қатысушыларының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, XV Республикалық пәндік олимпиаданың қатысушылары мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.

Приемная комиссия