Select Page

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағытындағы екінші оқу жылының үш магистранты 2024 жылғы 9-23 сәуір аралығында Логистика және көлік Академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасында ғылыми кеңесші т. ғ. к., қауымдастырылған профессор Қ. А. Жусуповтың жетекшілігімен өтті.

Ғылыми тағылымдама кезеңінде магистранттар «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасының техникалық зертханаларымен және «Көлік инженериясы» Институтының ғылыми зерттеу бағытымен танысты.

Приемная комиссия