Select Page

6 Наурыз 2024 ж. Әлеуметтік және гуманитарлы пәндер және дене тәрбиесі кафедрасы қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәріскер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану ғылымдарының PhD кандидаты Жания Хайбуллина “Қазақстандағы су қауіпсіздігі” тақырыбында сөз қозғады. Тыңдармандар ретінде кафедра оқытушылары мен электрожнергетика мамандығының студенттері болды. Дәріс барысында келесі сұрақтар талқыланды: Су қауіпсіздігі дегеніміз не? Қазақстан су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде не алаңдатады? Қазақстанның трансшекаралық бассейндері өзен-көлдердің тайыздану проблемасымен қалай байланысты?Суға қатысты қақтығыс мүмкін бе?Су үшін мемлекетаралық қақтығысты болдырмау үшін не істеу керек?Табиғатты реттеудің қандай құралдарын Қазақстанда қолдануға болады? Арал теңізін сумен қайта толтыру мүмкін бе?

Дәріс сұрақтар мен жауаптар  сессиясымен жалғасып, қатысым алушылар Қазақстандағы гидроэнергетика даму перспективаларын талқылады. Оған қоса су дағдарысын жеңу жолдарын қарастырды. Сөз соңырда жас зерттеуші жастардың аймақтық су ынтымақтастығына араластыру арқылы қазіргі және алдағы уақыттағы дағдарысты шешуде маңызды рөл ойнайтынын айтты. Жастар – ертеңгі күннің көшбасшылары және дамудың басты күші деп дәрісін аяқтады.

Приемная комиссия