Select Page

Логистика және көлік Академиясының қабырғасында «Сенім» клубының ұйымдастыруымен тұрақты даму орталығының 10-шы тармағы теңсіздікті азайту «Өзіңді қалай түсінуге үйренуге болады» тақырыбында қыздарға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингте «Almaty clinic» мекемесінің психологы Байсақова Әйгерім Аликенқызы студенттерге психологқа бару «ұят» стереотипін алып тастау екенін және психологтан кеңес алу қажеттілігі дұрыс және қалыпты әрекет екенін түсіндірді. Психологқа бару адамға өзінің ішкі болмысын түсінуге, өзін-өзі тануға, қорқыныш пен алаңдаушылықты жеңуге көмектеседі. Психолог Әйгерім Аликенқызы Академия қыздарына өзін-өзі тану адамның өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін зерттеуді, оларға барынша сәйкес келетін және өзін тұлға ретінде жүзеге асыруға көмектесетін, өз іс-әрекетін дұрыс таңдап, өмірдегі орнын анықтайтын қызмет түрін іздеуді көздейтінін түсіндірді.

Приемная комиссия