Select Page

2022 жылдың 6-7 сәуірінде онкогематологиямен (лейкоз) ауыратын балаларға көмек көрсету шеңберінде Алматы облысының қан орталығы «Донор күнін» ұйымдастырды, оған Академияның 70 студенті мен оқытушылары қатысты.
Іс-шара барысында донорлар алдын-ала медициналық тексеруден өтіп, гемоглобин көрсеткішін анықтады. Оқытушылар мен студенттер өтеусіз қан тапсыру бойынша өткізілген акцияға қатыса отырып, осы іс-шаралардың маңыздылығын түсінеді. Өйткені, қан тапсыра отырып, біз адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесеміз.
Айта кету керек, бұл біздің қатысуымызбен алғашқы «Донор күні» емес. Көптеген жылдар бойы Академияның студенттері мен оқытушылары осындай іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Приемная комиссия