Select Page

2024 жылғы 28 ақпанда Логистика және Көлік Академиясына Үрімші кәсіби университетінің проректоры Райхан Ахмет және Үрімші қаласының Білім және Мәдениет бөлімінің басқарма мүшелері бастаған делегациясы келді. 28 ақпаннан 2 наурызға дейінгі кезеңде делегация өкілдері Академиямен «Қытай-Орталық Азия оқыту, зерттеу және инженерлік практика саласындағы қолданбалы әзірлемелерді ілгерілету орталығы» (EPIP) мәселелері бойынша белсенді талқылаулар жүргізді, сондай-ақ 2 бағыт бойынша оқытуды ілгерілету ынтымақтастығын талқылады: заманауи логистиканы басқару және электроавтоматизация технологиясы. Сонымен қатар, 2023 жылдың жазында Үрімші кәсіптік университетімен бірлесіп ашылған «Цзинши мектебі (Жібек жолы)» ғылыми шеберханасында қытай тілінде оқитын үздік студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

Приемная комиссия