Select Page

2022 жыл, 16 наурыз күні «Логистика және көлік академиясы» «Ақпаратты- коммуникациялық технологиялар» кафедрасында РЭТ-20-1 және РЭТ-20-2 топтары студенттерінің қатысуымен зияткерлік ойын шеңберінде кафедра күні өткізілді.

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны 2 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең өткен тақырыптар негізінде «РЭТ» оқу бағдарламасының пәндері бойынша өткен тақырыптары бойынша тесттілеу және зияткерлік сұрақтарды қамтыды. Зияткерлік ойынның екінші кезеңі Наурыз мейрамына арналды. Бұл кезеңде студенттер Наурыз мерекесінің дәстүрлері туралы білімдері тексерілді.

Студенттер интеллектуалды ойынға қызығушылық танытып, белсенді қатысты және сұрақтар қойды. Көптеген оқытушылар зияткерлік ойынымыздың қонақтары болды және  кафедра меңгерушісі студенттерге ALT бренд блокноттары мен қаламдарын табыстады.

Приемная комиссия