Select Page

2.03.2023 жылы «Тілдік дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен  (жауапты Алиева С.А.) белгілі айтыскер ақын, сөз өнерінің дүлдүлі, Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, айтыс өнерін насихаттап жүрген ақын Серік  Қалиевпен  академияның 1 курс студенттері,  институт  директоры Абдрешов Ш.А., академия кәсіподақ  комитетінің басшысы  К.Ж. Доштаев, академия ПОҚ қатысқан кездесу өткізілді.  Ақын айтыс өнерінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қойылған сауалға ұтымды жауап берудің қыр-сырын мысалдар арқылы өрбітіп, айтыстардан үзінді келтіре отырып, тыңдаушылардың қошеметі мен құрметіне бөленді. Ақын «қазақтың әр баласы – жалғызым», әр жастың бойында өз ұлтының аманаты бар екенін айта келіп, қазақ үшін сөз өнерінің құдіреті  ТІЛінде, ананың сүтімен дарыған қасиетті тілді сақтау, елдің егемендігі мен бірлігін ғасырларға жалғастыру сіздердің қолдарыңызда деп жастарға сенім білдірді. Өнер институтының 4 курс студенттері, ақынның қос   шәкірті студенттердің берген сауалдарына табан астында ұтымды жауап бере отырып, айтыстан көрініс көрсетті. Әсерлі ән мен шешендік сөз өнеріне сусындаған академия студенттерінің  көкірек көзі ашылып, көңілдеріне қуаныш ұялағанын көріп,  осындай іс-шараның  жас ұрпақ үшін қажет екені даусыз деген ой түйдік.

Приемная комиссия