Select Page

2023 жылдың 21 наурызында Логистика және көлік академиясында Наурыз мейрамы тойланды! Әр интитуттар мен бөлімшелерге арналған киіз үйлер тігіліп, бай дастархан жайылды. Барша адамдар жарқын, әдемі этникалық костюмдерде болды.

Мерекеде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін суреттейтін демонстрациялық қойылымдар ұсынылды. «Базалық және қашықтықтан білім беру» институты Ш.А.Абдрешовтың жетекшілігімен сәбидің дүниеге келуімен байланысты аталып өтетін әсерлі де әдемі рәсім – «Бесік той» қойылымын сахналады.

Мереке әуезді әндердің, ұлттық ойындардың, дәмді, хош иісті дастархан мен тамаша көктемгі көңіл-күйдің керемет атмосферасында өтті!

Приемная комиссия