Select Page

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Жандану Әлемі» жекеменшік қорымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған еліміздің колледждері мен жоғарғы оқу орындарының студенттері арасындағы «Отаным – бақ мекенім» атты патриоттық әндерінің вокалдық конкурсын ұйымдастыруда.

Логистика және көлік академиясы атынан  «Көліктегі логистика» мамандығының 2 курс студенті Кажимова Аяна қатысады.

Жетістіктері:

  • Ресей Федерациясы, Самара қаласында өткен халықаралық «На крыльях музыки»  байқауының 1-орын иегері;
  • Латвия мемлекеті, Рига каласында өткен халықаралық «Riga Simphony» байқауының 1 орын иегері;
  • Латвия мемлекеті, Юрмала қаласында өткен халықаралық «Радуга» байқауында 1 орын иегері және 300 қатысушының арасында «Самый лучший голос» статуеткасынын иегері;
  • Алия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры өткізген «Бала дауысы-2017» байқауының БҚО облысы бойынша жеңімпазы;
  • Халықаралық Түрік ән олимпиадасының 1 орын иегері;
  • Республикалық «Жулдыз Лайф» байқауының Гран при иегері;
  • Республикалық «Тайжарыс» радио фестиваль-конкурсының Гран-при иегері.
  • І-Республикалық «Ақ көгершін» байқауының Лауреаты;
  • Республикалық «Жұлдызым» байқауының 1 орын;
  • Республикалық «Балалар ән фестиваль» көрермен көзайымы;
  • Республикалық «Тамшылар» ән фестивалінің жеңімпазы.
Font Resize
Contrast
Приемная комиссия