Select Page

2022 жылғы 23 қазан, жексенбі күні Логистика және Көлік Академиясының студенттері мен қызметкерлері «Charity Music Run» қайырымдылық жарысына қатысты, оның негізгі ұйымдастырушылары «Нұрбанк» АҚ болды. Жарыс Қазақстан Республикасының күніне орайластырылды. Бастапқы жарналардан түскен барлық қаражат Алматының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жіберілді.

Жарыс келесі қашықтықтарда өткізілді: балалар жарысы (2 км – 7-14 жас), скандинавиялық серуендеу (10,5 км), 10,5 км және 21 км жүгіру. Бұл күні ауа-райы күн мен жылуды қатты қуантпаса да, біздің қатысушылар өз қашықтықтарын оңай еңсерді.

Жарыс қорытындысы бойынша 10,5 км қашықтықта біздің студент – Шамшиматов Азизжан 3 орын алды.

Біз студенттер мен қызметкерлерге белсенді ұстанымдары және әртүрлі спорттық шыңдарды бағындырудағы дайындықтары үшін алғыс айтамыз.

Приемная комиссия