Select Page

Профессор-оқытушылар құрамын инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа дайындау, қажетті жағдайлар мен кедергісіз орта құру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында 2023 жылғы 20 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін «АЛиТ» АҚ оқытушылары мен қызметкерлері «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтті.

Бұл курста оқытушылар мен қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс істеуде бірегей білім мен тәсілдерді, жұмыс барысында кездесетін қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сондай-ақ өз тәжірибесінде еркін қолдана алатын көптеген әдістерді ала алды.

Курс барысында қатысушылар келесі аспектілерді қарастырды:

  • АВА (мінез-құлықты қолданбалы талдау) негізінде ЖОО-дағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері;
  • оқу-тәрбие жұмысындағы тьютордың рөлі;
  • аутист студенттермен жұмыс;
  • мүмкіндігі шектеулі студенттерді бейімдеу;
  • қалаусыз мінез-құлықпен жұмыс;
  • жаза және жазаның жанама әсерлері;
  • күшейту (көтермелеу);
  • жаңа дағдыларды үйрету;
  • баламалы байланыс жүйелері;
  • құрдастарымен қарым-қатынас;
  • ЖОО қабырғасындағы мінез-құлық дағдылары;
  • бағыну дағдылары.
Приемная комиссия