Select Page

2022 жылы 26 сәуірде ғылым айы аясында Логистика және көлік академиясында «IT-Энергетик – теміржол көлігінің болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге арнайы қонақ – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жедел-диспетчерлік басқармасының бас диспетчері Станислав Владимирович Александров қатысты

«Алатау Жарық Компаниясыс» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын ірі электр энергетикалық компания. Компанияның қызметі тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуге және өңірдің энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Станислав Владимирович сөйлеген сөзінде энергожүйе және теміржол көлігі диспетчерінің негізгі міндеті туралы айтты, ол бекітілген учаскеде үздіксіз электрмен жабдықтау бойынша жедел жұмыс, электрмен жабдықтау құрылғыларын тәулік бойы жедел басқару үшін – сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру, электрмен жабдықтау құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған кезде қалпына келтіруді басқаруды ұйымдастыру, электрмен жабдықтау құрылғыларында жұмыс өндірісінің қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру мақсатында. Энергия диспетчері кезекшілік кезеңінде электрмен жабдықтау құрылғыларын басқаруды ұйымдастыру бойынша жеке-дара жедел басшы болып табылады.

Қоғамда компьютерлік техника мен қарқынды дамып жатқан ақпараттық технологиялардың жетістіктерін кеңінен және жан-жақты пайдалануға ықпал ету болашақ мамандардан үрдіс пен өндірісті басқару саласындағы заманауи бағдарламалық құралдарды білуді талап етеді. Операциялық диспетчерлік басқару және мәліметтерді жинау жүйелері (SCADA – жүйелер) қазіргі уақытта заманауи технологиялық басқару жүйелерінің құрамдас бөлігі болып табылады және адам мен басқару жүйесі арасындағы интерфейсті қамтамасыз етеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «IT-Энергетик» жаңа білім беру бағдарламасы таныстырылды және маман болашақта мамандықтың жаңа Атласымен өте сұранысқа ие және өзекті болатынын атап өтті. Қатысқан ПОҚ-ы және білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, қонаққа сұрақтар қойды. Сұрақтарға толық жауаптар алынды.

Приемная комиссия