Select Page

2022 жылғы 29 қыркүйекте түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс шеңберінде «Логистика және басқару» және «Көлік инженериясы» институттарының 4 курс студенттерінің «Kaz Rail» жолаушылар теміржол тасымалдаушысы компаниясының басқарушы директоры  Тәуекелов Руслан Серікұлымен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу жолаушылар теміржол көлігі саласындағы өзекті мәселелер сонымен қатар қазіргі және болашақтың кадрлық перспективаларына арналды.

Кездесудің мақсаты – студенттердің компания туралы ақпарат алуы, компанияның негізгі қызметімен, даму перспективаларымен, жұмыс берушінің мамандарға қоятын талаптарымен танысу болды.

Кездесу достық жағдайда өтті. Біздің студенттер біздің академияда алған теориялық және практикалық білімдерін лайықты қолдана алады деп үміттенеміз.

Академиямызға келіп, осы кездесуді ұйымдастыруға ат салысқан Тәуекелов Руслан Серікұлына алғыс айтамыз!

АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІНЕ практика және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша  мансапты дамыту кеңсесінен, 2210 каб., бас маман-сарапшы Э.А. Бегимкуловадан хабар алуларыңызға болады.

Приемная комиссия