Select Page

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2023 жылдың 5 мамырында № 199 бұйрықпен бекітілген, шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу үшін берілген 4 орынға үміткерлерді анықтау бойынша комиссия отырысы 15 маусымда өткізілді.

Комиссия отырысына Академияның әр түрлі білім беру бағдарламаларында оқитын 16 студенттің өтініші қарастырылды.

Комиссия үміткерлерді іріктеу барысында бекітілген критерийді негізге ала отырып, үміткерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейі мен орта балл (GPA) көрсеткішін, мотивациялық хатының мазмұнын ескеріп іріктеуді жүзеге асырды.

  1. Комиссия отырысының қортындысы бойынша Академияның келесі студенттері ЕВРОПА елдерінде оқуға мүмкіндік алды:
    1. Сасамбаев Даурен Джамбуловаич, 3 курс, Көлік логистикасы;
    2. Баширов Султан Сулхаддинович, 2 курс, Көлік логистикасы;
    3. Кусаинова Айша Ерденкызы, 1 курс, Автомобиль жолдары мен аэродромдар;
    4. Дерябина Елизавета Николаевна, 1 курс, Электроэнергетика.
    Білім алушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Приемная комиссия