Select Page

2022 жылғы 9 қарашада сағат 15:00-де «Салауатты өмір салты» жобасын іске асыру мақсатында «Лудомания» (құмар ойындарға тәуелділік) тақырыбында 1 және 2 курс студенттер арасында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг Ақжол жастар денсаулық орталығының жетекшісі Кусаинова Д.Т. және психолог Лавров А.В. өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты: өз денсаулығының пайдасына жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту, студенттердің өз құндылықтарын түсінуіне ықпал ету.

Талқыланған мәселелер: Лудомания деген не және оның даму этаптары, оған қоса құмар ойындарға тәуелділік қай сәттен пайда болып, қандай белгілерді көрсететінін айтты.

Тренинг соңында студенттер алған ақпараттарынан алған әсерлерімен бөлісті және өздері үшін қандай қорытынды жасағанын айтты.

Приемная комиссия