Select Page

2022 жылғы 24 қарашада «Тілдік дайындық» кафедрасында «Polyglot» лингвистикалық клубы аясында «Thanksgiving day: traditions and customs» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны осы клубтың жетекшісі Нурсейт Айзада өткізді. «Thanksgiving day» іс-шарасының мақсаты студенттердің ағылшын тілін қолданатын елдер туралы ой-өрісін кеңейту, шет тілді мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу, бір-біріне деген толерантты қатынасты тәрбиелеу болып табылады. Аталған іс-шараға 1 курс студенттері арасында өтті. Іс-шараға қатысушылар өздерінің ұшқыр қиялдарымен, өзіндік ерекшеліктерімен және шығармашылық қабілеттерімен таң қалдырды.

Приемная комиссия