Select Page

23 қазанда Кеңес Одағының Батыры, Шығыстың қос шолпанының бірі, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толды. 1943 жылдың  15 қазанында Невель қаласын  (Псков облысы) азат ету барысында басынан ауыр жарақат алған  20 жастағы пулеметші өжет қыз жаудың негізгі оғын  өзіне қабылдады. Стратегиялық маңызды биіктікті қорғай отырып, дәл осы  шайқаста Мәншүк 70 фашистің көзін  жалғыз жойып, ерлікпен қаза тапты.

Осы оқиғаға сәйкес «Автокөлік құралдары және өміртіршілігі қауіпсіздігі» кафедрасы профессоры Кеңес Әмірліұлы Жүсіпов Алматы қаласындағы Мәншүк атындағы №28 мектеп-лицейде өткен «Аты аңызға айналған қыз» атты салтанатты іс-шараға қонақ ретінде қатысты, сонымен бірге Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған батырдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда онлайн-форматта баяндама жасады. Баяндамада ол Логистика және көлік академиясы студенттерінің қазақ халқының даңқты қыздары М.Мәметова мен Ә. Молдағұлова жерленген Невель және Новосокольники қалаларына сапарлары кезінде өткізілген іс-шаралар туралы әңгімелеп берді.

Өмірлерін болашақ ұрпақ үшін қиған қазақ халқының даңқты ұлдары мен қыздарының ерліктерін әрқашан есте сақтап, қастерлеп, оларға тағзым ету – бүгінгі ұрпақ – біздердің мәңгілік борышымыз!

Приемная комиссия