Select Page

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде университетімізде институттар арасында студенттердің белсенді қатысуымен «Студенттк көктем-2024» атты іс-шарасы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Мен жастарға сенемін» тақырыбында мобилография бойынша, 2-кезең «Темір жолым- өмір жолым» тақырыбында театр бағыты, 3-кезең «Туған жерім» тақырыбында вокал бағыты, 4-кезең «Жаңа Қазақстан» тақырыбында хореграфия бойынша өтті. Осы бағыттар бойынша студенттеріміз бақтарын сынап, өте белсенді қатысты. Іс-шарада әділқазы алқалар қатарында: актер Аян Батыр;  хореграф, модель, актриса – Әлімбекова Назерке;  тревал блогер, видеограф – Әділет Рахметолла; журналист, оратор – Амантай Қаракөз; актриса, блогер, әнші – Серикова Шахризада.

Іс-шарамызға барша университет басшылары, студенттері мен арнайы шақырылған қонақтарымыз қатысты. Байқау қорытындысы бойынша әділқазы шешімімен 1-орынды «Көлік инженериясы» иеленіп 200 000 теңге ұтысқа ие болды. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» мен «Ең үздік мобилография» номинациясын алды. 2 – орынды «Логистика және Басқару» иеленіп 150 000 теңге теңге ұтысқа ие болды. Сонымен қатар «Ең үздіқ вокал» номинациясын алды. 3 – орынды «Автоматтандыру және Телекоммуникация» иеленіп 100 000 теңге ұтысқа ие болды. Сонымен қатар «Ең үздің театралка» номинациясын алды.

Барша қатысқан студенттерімізге өз алғысымызды білдіреміз!

Приемная комиссия