Select Page

7-қазанда Ұстаздар күнін атап өту аясында «Энергетика» кафедрасында «Дублер күні» студенттік өзін-өзі басқару күні өткізілді. Бір күнге кафедра меңгерушісінің, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының өкілеттіктері дублер рөлін атқаратын білім алушыларға берілді.

Күн оқытушылардан «6В07121 – Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының 3,4-курстарының үздік білім алушыларына өкілеттіктерді беру бойынша өткізілген жедел кеңестен басталды.

Оқу үрдісіне қадам басталды! Дублер ретінде таңдалған оқытушылар тапсырмаларды тезірек орындау үшін сабақ басталғанын асыға күтті. Дублерлер сабаққа өте жауапкершілікпен дайындалды, өздерінің барлық қабілеттері мен дағдыларын шебер көрсетті.

Сабақ қорытындысы бойынша профессор-оқытушылар құрамы өз ұсыныстары мен нұсқауларын берді. Дублерлер атқарылған жұмыстан алған шынайы әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ күн олар үшін қызықты әрі танымды өткенін хабарлады. Әрбір дублер жұмыс күнінің соңында кафедраның атынан алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушылар пайдалы тәжірибе алды, сондай-ақ көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Студенттер бұл күнді кафедраның профессор-оқытушылар құрамына арналған Академияның салтанат залында өткізілген мерекелік кешпен қорытындылады.

Ұйымдастырылған  іс-шараны өткізу білім алушылардың өзіндік мүдделерін дамытуға, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды және осы іс-шараны жыл сайын «Энергетика» кафедрасы деңгейінде өткізуі деген шешім қабылданды.

Приемная комиссия