Select Page

2022 жылдың наурыз айының 12-сі күні Логистика және көлік академиясының №1 Студенттер үйінің жаттығу залында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай  қызметкерлерді тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту,  ұжым арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, оқытушылар мен қызметкерлер арасында спорттық бейімділіктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «Логистика және көлік академиясы кубогы» өткізілді. Жарысқа Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің, М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжінің, Батан ауылының орта мектебінің, Алматы қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің, Алматы қаласының №97 жалпы білім беретін мектебінің, Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің және Логистика және көлік академиясының оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Тартысты жарыстың нәтижесі бойынша Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің оқытушысы Ергешбаев Бағлан жеңімпаз атанды. ІІ орынды Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің оқытушысы Жұпархан Жамбыл иеленді. Ал ІІІ орын Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің оқытушысы Раимов Сұлтанға тиесілі болды.

Сонымен қатар, «Жеңіске деген ынтасы үшін» номинациясымен Логистика және көлік академиясының Инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры Қазыбек Берік Тотайұлы марапатталды. «Үздік ракетка» номинациясы бойынша –  Алматы қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің оқытушысы Абилкаиров Саян, «Үздік ардагер ойыншы» номинациясымен  –  Алматы қаласының №97 жалпы білім беретін мектебінің оқытушысы Казиев Ахметхан марапатталды.

Жүлдегерлер Логистика және көлік академиясының мақтау грамоталарымен, қаржылай сыйақымен және естелік сыйлықтармен, ал жеңімпаз команда мақтау грамотасымен, қаржылай сыйақымен, естелік сыйлықпен және ауыспалы кубокпен марапатталды. Сонымен қатар аталған номинация иегерлері арнайы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Приемная комиссия