Select Page

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай 6 мамыр күні «АКҚжӨТҚ» кафедрасы «Батыр апалар ерлігіне – мың тағзым!» тақырыбында студенттермен тәрбиелік сағат өткізді. Баяндамашы Әлия-Мәншүк мұраларын зерттеуші, кафедра профессоры К.Ә.Жүсіпов болды. Ол жастарға аттары аңызға айналған қазақтың даңқты да батыр қыздары Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларымыздың ерлікке толы өнегелі өмірлері жайлы айтып өтті. Сонан соң академия студенттерінің батыр апаларымыздың жерленген жері – Ресейдің Псков облысының Новосокольники және Невель қалаларына сапарлары жайында, яғни батырлар бейіттеріне гүл шоқтарын қойып, рухтарына құран бағыштап, тағзым жасап қайтқандары жайлы материалдарды слайдтар арқылы қызықты да тартымды етіп әңгімелеп берді. Шара  соңында студенттер өздерін қызықтырған жайлар бойынша сұрақтар қойып, баяндамашы оларға жауап берді, көлік техникасы саласы бойынша сұрақтардан тұратын  викторина өткізіліп, жеңімпаздар кішігірім сыйлықтармен марапатталды. Мазмұны жастарға үлгі болар шара «Отан үшін отқа түсіп, оқ құшқан, қазақтың ержүрек батыр ұл-қыздарының есімдері халқының есінде мәңгі қала береді!»- деген тәрбиелі сөздермен қорытындыланды.

Тағы бір айта кететін жайт: тиражы 200 мыңды құрайтын еліміздің бел газеті «Егемен Қазақстанда» 05.05.22ж. К.Ә.Жүсіповтың «Батыр қызы халқымның» атты мақаласы жарық көрді. Батыр апалар ерліктері жайлы мәліметтермен қоса, академия студенттерінен құралған делегацияның қаһарман қыздар жерленген Ресейдің Псков облысына жасаған сапарлары мақалаға арқау болған.

Приемная комиссия