Select Page

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м.а-ның  2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы «атағын беру ережесі»  бұйрығына сәйкес «Логистика және көлік академиясында»  2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ҚР БҒМ байқауының І кезеңі өткізілді. Конкурстық комиссияның қарауына «Логистика және көлік академиясы»АҚ штаттық ПОҚ қатарынан барлығы 5 (бес) конкурстық іс келіп түсті.

Сараптамалық комиссияның қорытындысы негізінде: К. М. Сансызбай және Р. Т. Қасым (жұмыс өтілі 15 жылдан кем  емес),  Г. В. Мұратбекова және М. Б Орынбековтардың  (жұмыс өтілі 15 жылдан артық) кандидатураларын ҚР білім және ғылым министрлігінің  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының 2-ші республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынуға қаулы етілді.

Үміткерлер ЖОО ішіндегі конкурстың нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.

Приемная комиссия