Select Page

22 – 26 қараша 2021 жыл аралығында «Рухани жаңғыру» ЖК ұйымдастыруымен, «ӘГПжДТ» кафедрасы мен Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің қолдауымен «Зияткерлік апталығы» өткізілді. Бір аптаның ішінде академия білімгерлері әртүрлі тақырыптар бойынша пікірталастырып, кейс-ойынның кезеңдерінен өтіп, зияткерлік олимпиадаға қатысып, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша өз білімдерін шыңдады. Апталыққа белсене қатысқан білімгерлер академия басшылығы тарапынан арнайы дипломдар, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Апталық қорытындысы ретінде, белсене қатысқан білімгерлер М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына барды.

Приемная комиссия